15 ақпанда балаларға оқ атылады — Қостанайда он жасар оқушы бүкіл қаланың зәресін алды

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Әлеуметтік желіде мектептердің бірінде теракт дайындалып жатыр деген ақпарат тарады. Полиция қылмыстық іс қозғады.

оқушы
Фото: Pexels

Полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратушы анықталғанын хабарлады. Ол 10 жасар бала болып шықты.

Ол әлеуметтік желіден терроризм тақырыбына арналған ақпарат көріп, мәтінін көшіріп, фотосуретін өңдеп, WhatsApp мессенджері арқылы сыныптастарына жіберген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Оқушының ата-анасы Қазақстан заңнамасына сәйкес жауап береді. 

Полицейлер жалған терроризм туралы көрінеу жалған хабарлама және шындыққа сай келмейтін ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Тәртіп сақшылары тек ресми ақпаратқа сенуді сұрайды.

Жуырда Ақтөбе мен Павлодарда әлдебіреулер мектепке барып, оқушыларға оқ жаудырамыз деп қорқытқан еді. 

Кеше Қарағандыда дәл осындай жалған хабар үшін 13 жасар бала ұсталды. 

Соңғы жаңалықтар