+15°C: Түркістан облысына көктем келді
«Қазгидромет» РМК Түркістан облыстық филиалы метеоболжау бөлімінің бастығы Әсия Қыдырбаеваның сөзінше, Шымкент пен Түркістан облысында қазір ауа температурасы +13+15 градус болып тұр.
«Мәселен, Қазығұрт ауданында +14, Жетісай ауданында +12 жылықты көрсетіп тұр. Әдетте мұндай температура оңтүстік өңірде күн суытардың алдында болады. Ертең түске дейін Шымкентте +11+12 градус болып, секундына 23-25 метр жылдамдықпен қатты жел тұрады. Түркістан облысы аумағында да қатты жел тұрып, түс ауа жаңбыр жауады деп болжануда. Ауа температурасы -2 -4 градусқа дейін суытады. Қаңтардың 19-нан 20-сына қараған түні қар жауып, 20-22 қаңтар аралығында -3 -8 кей жерлерде -11-16 градусқа дейін аяз болады»,- дейді Әсия Қыдырбаева.
Сала мамандарының сөзінше, мұндай температура оңтүстік өңірде қалыпты жағдай. Бірақ басқа аймақтармен салыстырғанда қыс мезгіліне жылы (аномальный) саналады. Ал, қаңтар айындағы ең жылы температура +16 градус болды.