15 қаңтар. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

15 қаңтар СӘР СЕНБІ
Википеди яның туған күні . Сайт 2001 жылы 15 қаңтарда ашылған. Гавай тілінен аударғанда вики сөзі «жылдам» деген мағынаны білдіреді.
Википедия (ағылшынша Wikipedia) - әлемдік ғаламтор желісінде еркін таратылатын әмбебап энциклопедия.
Хорватияны халықаралық мойындау күні. 1992 жылдың қаңтардың 15-інде Хорватия Республикасын Еуропалық одақтың 12 елі халықаралық түрде мойындады. Дәл осы күні оған Австрия, Болгария, Канада, Венгрия, Мальта, Польша және Швейцария қосылды. 1992 жылы қаңтардың аяғына дейін тағы да жеті мемлекет: Финляндия, Румыния, Албания, Босния мен Герцеговина, Бразилия, Парагвай және Боливия мойындады. Хорватияны азиялық елдер ішінде бірінші болып Иран таныды, ал африкалық елдерде Мысыр. 1992 жылы мамырдың 22-інде Хорватия БҰҰ-ға қабылданды және сол кезде Ресей, Жапония, АҚШ, Израиль және Қытай мойындаған. Хорватияда 48 елшілік, әртүрлi халықаралық ұйымдарда алты тұрақты миссиялары, 23 елшіліктері бар және әлемнің 120 елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
7 7 жыл бұрын (1937) Қазақ музыка театрында (казіргі Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры) «Ер Тарғын» операсының премьерасы қойылды. Либреттосын С.Камалов, музыкасын Е.Брусиловский жазған. Операда 60-тан астам халық ән-күйлері пайдаланылған. Операны алғаш режиссер Қ.Жандарбеков қойған. Басты рөлдерді КСРО халық әртісі К.Байсейітова (Ақжүніс), Қазақстанның халық әртісі Қ.Байсейітов (Тарғын) ойнаған.
4 9 жыл бұрын (1965) Семей ядролық полигонында, Шаған өзенінің кеуіп қалған арнасында, 178 метр тереңдікте қуаты 104 килотонналық атом бомбасына жарылыс жасалды. Жарылыс салдарынан ұзындығы 408 метр, тереңдігі 100 метрге жететін кратер пайда болды. Кейінірек аталмыш кратердің жағалауынан 20-35 метр жерде үлкен көл пайда болды. Жер қазу техникасының көмегімен арна қазылып, су кратерге құйылған.
20 жыл бұрын (1994) Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты құрылды.
28 9 жыл бұрын (1725) Әбілқайыр ханның қазақтардың басын қосып, Түркістанды қайта алғаны жөніндегі хабар Мәскеуге жетті.
23 9 жыл бұрын (1775) «Жайық өзенін - Орал, сонда орналасқан казактарды оралдықтар, Жайық қаласын - Орал» деп өзгерту туралы ІІ Екатерина патшаның жарлығы шықты.
5 жыл бұрын (2009) Республикадағы танымал жазушы Медеу Сәрсекенің жаңа кітабы жарық көрді. «Дара дарын» атты роман-эсседе қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Сәтбаев туралы жазылған. Жаңа басылымға ғалымның өмірі мен қызметінің әр түрлі кезеңін көрсететін үш жүзге жуық фотосуреттер кірді.
5 жыл бұрын (2009) Ақмола облысының Еңбекшiлер ауданында жаңа туристiк кешен ашылды. Бес жақсы жабдықталған коттедждер, спорт және балалар алаңы, бассейні бар 60 адамға қызмет көрсетуге есептелген орталық Щучье-Бурабай курорт аймағында орналасқан.
5 жыл бұрын (2009) «Semey» фотоальбомы жарық көрді. Журнал қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде басылған. Альбомда ескі Семейдің тарихи ескерткіштері, сәулеті мен мәдениетінің, қазiргi заман жаңа құрылыстары, даңғылы және көшелерінің суреттері жинақталған. Оның авторы - мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Айдар Самаев.
7 6 жыл бұрын (1938) Павлодар облысы құрылды.
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтардың 15-інде КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1-ші сессиясы Қазақстанның үш облысын бөлу туралы КСРО Заңын және Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) Орталық Комитетінің қаулы жобасын бекітті. Шығыс Қазақстан облысынан Павлодар облысы бөлініп шықты, оның құрамына он аудан кірді.
Облыстың аумағында Баянауыл орналасқан - ол Павлодарлық Ертіс жағалауының маржаны, Қазақстан Республикасының ең әдемі жерлерінің бірі.
6 жыл бұрын (2008) Павлодарлық «Ромат» полимерлік дәрігерлік бұйымдарды өндіретін фармацевтикалық фирмасы заманауи жабдықтармен жарақталған бір рет қолданатын үш компоненті шприцті шығаратын желі іске қосылды. Жаңа техника кәсіпорынға халықаралық стандарттарға сай жасалған жаңа нұсқаны өндіруге және ескірген екі компонентті шприцтердің шығуын тоқтатуға мүмкіндік береді. Желіні Ресейдің және Ұлыбританияның мамандары жасап шығарған, оның қуаты - жылына 100 млн. шприц.
6 жыл бұрын (2008) М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы мен софтерлік SMART-EX компаниясы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум бірқатар бағыттар бойынша перспективалы өзара ынтымақтастық үшін құқықтық негіз болып отыр. Атап айтқанда, мұндай ынтымақтастық болашақ бағдарламашыларды кәсіби білімді тереңірек игеруге ынталандырады.
6 жыл бұрын (2008) Қазақстан Үкіметінің отырысында жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен академик Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы «Ғарыштық зерттеулер және технологиялардың ұлттық орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы шешім қабылданды.
6 жыл бұрын (2008) Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Оның мақсаты Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту.
4 жыл бұрын (2010) Қарағанды «Болашақ» университетінде Құқықтық және салыстырмалы зерттеулер институты ашылды.
Институт 2009 жылдың қыркүйегінде құрылды.
Құқықтық және салыстырмалы зерттеулер институты мынадай мәселелерді шешеді. Заң жобаларына, оның ішінде ведомстволық нормативтік актілер мен шешімдерге сараптама жасау. Заманауи кезеңдегі қылмыспен күрес стратегиясы мен тәсілдерін ғылыми негіздеу, қылмыс жасауға тікелей және жанама түрде жағдай туғызатын алғышарттарды анықтау. Қолданыстағы заңнама нормаларын жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізу және осы негізде қолданыстағы заңнамаға балама заң жобасын немесе өзгертулерді дайындау. Құқық қорғау органдарының қылмыспен күресудегі практикалық қызметін зерттеп білу және олардың жұмысындағы оң тәжірибелерді тарату. Олардың қылмыспен күрес бағытында басқа мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе әрекет ету формалары мен тәсілдерінің негізгі бағыттарын ғылыми негіздеу. Қылмыспен күрес саласында әлеуметтік зертеулер жүргізу.
4 жыл бұрын (2010) Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада ақын, журналист Сайлау Байбосынның «Ерейментау» атты кітабының таныстырылымы болды.
Ереймен өңірі қилы-қилы тарихымен, қарыс сүйем жері үшін қаһармандықпен күрескен қанжығалы Бөгенбай, Жантай, Бозан батырлардың, Бөгенбайдан тарайтын Бапан, Саққұлақ билер, сондай-ақ Үмбетей жырау сияқты халқына қорған болған ұлы тұлғалар дүниеге келген мекен. Кең-байтақ қазақ даласының қасиетті бір пұшпағы саналатын осынау өңірдің арғы-бергі тарихы хатталып, ел ауызында айтылатын аңыз-әңгімелер сараланған, айтулы оқиғалар мен шежірелік жылнамалар жүйеленген, тарихи танымал тұлғалар жайында сыр шертетін кітаптың оқырманға берері аз емес.
«Фолиант» баспасының «Менің Отаным - Қазақстан» сериясымен жарық көрген кітаптың тұсаукесер рәсіміне ақын- жазушылар, мәдениет және өнер қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
4 жыл бұрын (2010) Қазақстанда «Хабар» телеарнасында қазақ және орыс тіліндегі «Семья» - «Отбасы» атты жаңа телевизиялық жоба іске қосылды. Жоба балалардың құқығын қорғауға, отбасы мәселелеріне, отбасыдағы қарым-қатынасқа, отбасы институтарын және отбасылық дәстүрлерді сақтап қалуға арналған. Әрбір хабарда мынандай өзекті сұрақтар көтеріледі - балалар нашақорлығы және қылмысы, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жетімдердің құқықтарын қорғау, көп балалы, тұрмысы төмен және толық емес отбасылардың мәселелері қаралады.
4 жыл бұрын (2010) Алматыда Ә.Қастеев атындағы өнер мемлекеттік мұражайында белгілі қазақстандық суретші Айтбай Құлбайдың жеке көрмесі ашылды.
4 жыл бұрын (2010) Алматыда ҚР тұңғыш Президентінің қорында әйгілі қазақстандық фотосуретші, кинематографистер Одағының мүшесі, ҚР Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты Николай Постниковтың көрмесі ашылды.
2 жыл бұрын (2012) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық теннис орталығы аумағында құрылған халықаралық стандарттарға сай кешенде болды.
1 жыл бұрын (2013) «Қазақфильм» АҚ шығарған Әмір Байғазиннің «Үйлесімділік сабақтары» туындысы Халықаралық кино қорының (Berlinale World Cinema Fund) сыйлығына ие болды.
21 жыл бұрын (1993) АҚШ-та NBC арнасында «Санта-Барбара» операсының соңғы сериясы шықты. Телехикая 8 жылдан астам трансляцияланған. Осы уақытта 2137 сериясы шығып үлгерген.
ЕСІМДЕР
79 жыл бұрын (1935) актриса, Қазақстанның халық әртісі ӘКБАРОВА Зинат дүниеге келді.
Алматы облысы Жаркент қаласында туған.
Алматы хореографиялық училищесін бітірген.
1955 жылдан бастап Ұйғыр музыкалық театрының бишісі, кейін актрисасы болды.
Әкбарова жасаған образдар қызу каңды, өткір мінезімен айқындалады. Театр сахнасында Майымхан, Лейліхан, Гүлзара (Д.Асимов пен А.Садыров «Анархан»), Гүлбадам (Д.Асимов пен В.Дьяков «Ғарип пен Сәнәм»), Гүлшеһра (Ү.Гаджибеков «Аршин мал алан»), Айхан (X.Хамзан «Майсараның айласы»), Назугум (Қ.Хасанов пен С.Башоян «Назугум»), Әмал (С.Жамал «Қара райхан»), Яренка (А.Александров пен Л.Юхвид «Малиновкадағы той») рөлдерін орындады.
64 жыл бұрын (1950-2008) сәулетші, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген сәулетшісі, КСРО халық сәулетшісі МОНТАҚАЕВ Қалдыбай Жұмағалиұлы дүниеге келді.
Ресей Федерациясының Алтай Республикасында туған.
Қазақ политехникалық институтын бітірген.
1972-1982 жылдары Алматы Жобалау институтында сәулетші, аға сәулетші, топ жетекшісі, шеберхана бастығы, бас сәулетшісі қызметтерін атқарған. Қазақстан Сәулетшілер одағының президенті, Шығыс елдері Сәулет Академиясыньң вице-президенті, оның Қазақстандағы бөлімшесінің төрағасы, «Алматыгипрогор» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды.
Алматыдағы 12-қабатты экспериментті тұрғын үйдің, Қазақстан КП ОК ғимаратының, Алматыдағы Президент сарайының, Республика алаңы кешенінің, «Айнабұлақ», «Ақсай», «Орбита» ықшам аудандарындағы бірқатар кешенді құрылыстардың, сондай-ақ Мәскеу қаласындағы Қазақстан мәдени орталығы жобасының авторлар тобын басқарған. Кейінгі жылдары Астана қаласындағы Президент резиденциясы, Үкімет және Парламент үйі, бірқатар министрлер, Конгресс-холл, Астана аэропорты мен аэровокзалы, орталық әмбебап дүкені және тағы басқа жобаларын жасады.
КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Афина қаласында өткен Акрополь мұражайына арналған халықаралық байқаудың дипломанты, дүниежүзілік Бьеннале фестивалінің иегері.
Қазақстанның 2000 жылғы «Жыл сәулетшісі» атағын алған. «Құрмет» орденімен марапатталған.
10 3 жыл бұрын (1911-1990) қоғам және мемлекет қайраткері АРТЫҒАЛИЕВ Шолақ дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысында туған. Орал халықтық білім беру институтын, Бүкілодақтық Коммунистер партиясы Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1931-1938 жылдары - кеңшар комсомол комитетінің хатшысы, Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, Ақтөбе облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, Орал қалалық партия комитеті хатшысының орынбасары, Орда аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1938-1940 жылдары - Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары, нұсқаушысы. 1940-1942 жылдары - Жәнібек аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1942-1943 жылдары - Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің кадрлар жөніндегі хатшысы. 1943-1945 жылдары - Бүкілодақтық Коммунистер партиясы Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы. 1945-1950 жылдары - Талдықорған облыстық партия комитетінің екінші хатшысы. 1950-1952 жылдары - Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1952-1958 жылдары - Қазақ КСР Кәсіподақтары Кеңесінің хатшысы. 1958-1962 жылдары - Қазақ КСР Кәсіподақтары кеңесі Алматы облысы бойынша ұйымдастыру бюросының төрағасы. 1962-1964 жылдары - Алматы облыстық өнеркәсіп қызметкерлері кәсіподақтары кеңесінің төрағасы. 1964-1971 годы - Алматы облыстық кәсіподақтары кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1971 жылы зейнеткерлікке шыққан. 1971-1975 жылдары - Алматы тұтыну одағы төрағасының кадрлар жөніндегі орынбасары болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-4 шақырылымының депутаты.
Еңбектегі Қызыл Ту орденімен үш мәрте, «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет белгісі» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.
73 жыл бұрын (1941) Ақмола мемлекеттік медицина академиясының кафедра меңгерушісі, Астана қаласы оториноларингология ғылыми-клиникалық орталығының директоры, медицина ғылымының докторы, профессор, ҰҒА-ның академигі, ҚР Медицина ғылымы академиясының академигі, ҚР Халықаралық жоғары ғылым мектебі академиясының академигі, Нью-Йорк Ғылым академиясының академигі, Халықаралық оториноларингология академиясының академигі, КСРО, Қазақ КСР-і денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик Н.П.Симановский атындағы сыйлықтың лауреаты ТӨЛЕБАЕВ Райыс Қажкенұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында туған. Семей медицина институтын, Алматы мемлекеттік медицина институтының аспирантурасын бітірген. 1970-1975 жылдары - Қазақ аймақтық потология ғылыми-зерттеу институтының кіші, аға ғылыми қызметкері. 1975-1977 жылдары - Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігі ғылым бөлімінің меңгерушісі. 1977-1982 жылдары - Қазақ аймақтық потология ғылыми-зерттеу институтының бөлім бастығы. 1982-1987 жылдары Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің бас маманы. 1987-1991 жылдары - Қазақ гигиена және кәсіби аурулар ғылыми зерттеу институтының Өскемен филиалының басшысы. 1991-1992 жылдары - «КРАМДС-Денсаулық» ЖШС-інің директоры, «Крамдс» корпорациясының менеджері. 1992-1993 жылдары - ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Жоғары аттестациялық комиссия бөлімінің меңгерушісі. 1993-1997 жылдары - Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры. 1997-2001 жылдары - Қазақ мемлекеттік медицина академиясының ректоры қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 1997 жылдан істейді. Докторлық және кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі кеңесінің мүшесі. «Оториноларингология - Бас, Мойын хирургиясы» журналының бас редакторы, сонымен қатар «Оториноларингология жаршысы» журналдарының, «Ресейлік ринология», «Ресейлік оториноларингология» баспаханаларының редакциялык кеңестерінің мүшесі, республикалық «Қазақстанның медициналық журналы», «Университет жаршысы», Экология және денсаулық», «Морфология жэне дэлелдемелі медицина» журналдарының редакциялық алқаларының мүшесі. Республикалық оториноларингологтар ассоциациясының Президенті.
450 астам ғылыми еңбектің, 16 монографиянын, мемлекеттік тілдегі екі оқу кұралының, 26 әдістемелік ұсыныстар мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы, ол оннан астам өнертабыстың авторлык куәлігі мен патентіне ие болған. Оның жетекшілігімен 14 докторлық және 37 кандидаттық диссертация қорғалған. Ол бес халықаралық академиялардың академигі, Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Тұрік университетінің, Семей және Қарағанды мемлекетгік университеттерінің кұрметті профессоры. Райс Қажкенұлының есімі Кембридж университетінің Халықаралық өмірбаяндар орталығының «XXI ғасырдың атақты ғалымдары» кітабына енгізілген. «Жоғарғы тыныс алу жолдары мен есту мүшелерінің патологиясы» , «Фосфорлық уыттану кезіндегі тыныс алу жолдары мен есту мүшелерінің патологиясы», «Қорғасынмен созылмалы уыттану» (1996), медициналык колледждер мен жоғарғы оқу орындарына арналған мемлекеттік тілдегі «Құлақ, мұрын, тамақ аурулары оқу құралы, Оториноларингология мен пульмонологиядағы дэрілік өсімдіктер», Тыныс алу трактының қабыну-дистрофиялык езгерістерін диагностикалау», «Дені сау жастар - күшті әскер кепілі», «Тыныс алу патологиясының курорттық терапиясы», «Жедел және созылмалы синуситтер», «Амбулаториялық жағдайдағы синуситтерді диагностикалау, алдын алу және емдеу», «Мұрын қуысы және оның қосалқы қуыстарының аурулары», Тыныс жолдары мен есту мүшелерінің ауруларын жіктеу жөніндегі анықтамалық, «Оториноларингология терминдерінің түсіндірме сөздігі», жоғарғы медициналық оқу орындарына арналған қазақ тіліндегі «Оториноларингология дәрістері» оқулығы, тағы басқа еңбектері жарық көрген
Көптеген медальдармен марапатталған.
63 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрағасы ЕРМЕКБАЕВ Қанат Қартайұлы дүниеге келді.
Жезқазған облысында (қазіргі Қарағанды облысы) туған. Қарағанды мемлекеттік медицина университетін, Евней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты.
1974-1976 жылдары - Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының интерн-дәрігері, Қарағанды қалалық №2 емханасының және №4 қалалық ауруханасының хирург-дәрігері, 1978-1981 жылдары - Қарағанды қалалық №2 емханасының хирург-дәрігері және №3 қалалық ауруханасының травматолог- дәрігері болған. 1976-1978 жылдары КСРО қарулы күштерінде қызмет еткен. 1981-1999 жылдары - Қарағанды мемлекеттік медицина институтының травматология кафедрасының зертханашы дәрігері, Қарағанды қаласы Каруголь ауылындағы Медициналық санитариялық бөлімінің травматология бөлімшесінің меңгерушісі, басдәрігерінің орынбасары және облыстық клиникалық ауруханасының басдәрігері. 1999-2006 жылдары - Қарағанды облысы Денсаулық сақтау департаментінің директоры. 2008-2010 жылдары - Үкімет және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің жанындағы Ұлттық талдау орталығы жобасының менеджері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті төрайымының орынбасары қызметтерін атқарған. 2010 жылдың сәуірінен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрағасы қызметін атқарады.
53 жыл бұрын (1961) «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы бухгалтерлік есеп департаментінің директоры БИМАХИМОВА Раушан Сембекқызы дүниеге келді.
Талдықорған облысы Талдықорған ауданында (қазіргі Алматы облысы Ескелді ауданы) туған. Евней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
1983-1985 жылдары - Талдықорған авиаотрядының аға қаржыгері. 1985-1986 жылдары - «Сельхозхимия» өндірістік бірлестігінің аға экономисі-қаржыгері. 1986-1991 жылдары - Талдықорған агроөндірістік комитетінің есепке алу жөніндегі жетекші маманы. 1991-1994 жылдары - «Агротехсервис» ЖШС-нің бас есепшісі. 1994-1999 жылдары -«ПромсервисХолдингі» Корпорациясының бас есепшісі. 1999-2003 жылдары - «Балдырған» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас есепшісі. 2003-2004 жылдары - «Каспиан Сервисез Групп Лимитед Алматы» филиалының салық жөніндегі есепшісі. 2004-2005 жылдары - «ҚазТрансИнвест» акционерлік қоғамының бас есепшісі. 2005-2006 жылдары - «Сәт Жол компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас есепшісі.
2006-2008 жылдары - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы бухгалтерлік есеп басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.
2008 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.
38 жыл бұрын (1976) «Кто есть кто в Казахстане» ақпараттық-баспалық жобасының жетекшісі, Қазақстан өмірбаяндық энциклопедиясының бас редакторы, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты ӘШІМБАЕВ Данияр Рахманұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. «Тұран» университетін бітірген.
1990-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы Орталық ғылыми кітапханасының кітапханашысы. 1993-2000 жылдары - «Тұран-Азия» Холдинг-орталығының менеджері, бөлім басшысының орынбасары, қаражаттық директоры, вице-президенті. 2000-2004 жылдары - «Репутация» коммуникативтік технологиялар орталығының бас редакторы қызметтерін атқарған. 1994 жылдың маусымынан - қазіргі қызметінде.
«Кто есть кто в Казахстане», «Казахстан 90-х. Правительство Кажегельдина: приватизация, коррупция и борьба за власть», «Выборы-2004 в Казахстане: шаг за шагом», «Социально-политические портреты государств Центральной Азии» кітаптарының авторы.
5 8 жыл бұрын (1956) ҚР әділет министрінің орынбасары БАЙМОЛДИНА Зәуреш Хамитқызы дүниеге келді.
Ақмола облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің заң фаультетін, Саратов заң институты жанындағы аспирантураны, АҚШ-тың Рено қаласында Ұлттық сот колледжі жанындағы курсты бітірген.
1985 жылдан Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетінде, оқытушы, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары. 1994 жылдан - ҚР әділет министрлігі Бас басқармасы заңды тұлғаларды тіркеу басқармасында экономикалық заңнама бөлімінің бастығы, басқарма бастығы. 1996 жылдан - Қазақ мемлекеттік заң институтының кафедра меңгерушісі, кәсіпкерлік-құқықтық факультетінің деканы, доцент, профессор. 2005 жылдан - ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары. 2006 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, бас инспекторы. 2008 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің инспекторы.
2012 жылғы ақпаннан - қазіргі қызметінде. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Ерен еңбегі үшін» (2008) медальдарымен марапатталған.
53 жыл бұрын (1961) Ақмола облысы Есіл ауданының әкімі РАХМЕТОВ Қали Сұлтанахметұлы дүниеге келді.
Ақмола облысының Есіл ауданындағы Ковыльный станциясында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын экономист-ұйымдастырушы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Торғай облысы Есіл ауданындағы «Жаныспай» кеңшарында тракторшы, бригадирдің көмекшісі болып бастады. Одан әрі Есіл аудандық қаржы бөлімінің инспекторы, аға экономисі, Есіл аудандық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы болды. Есіл ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының бастығы, Есіл ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінің төрағасы, Алматы қалалық салық департаментінің Бостандық ауданы бойынша салық басқармасының бастығы болып қызмет атқарды. Есіл ауданының әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін Қостанай облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары болып істеді.
37 жыл бұрын (1977) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы басқарма төрағасының кеңесшісі ӘБДЕНОВ Серік Сақболдаұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласында туған. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (1998) заңгер мамандығы бойынша; Қарағанды Қазақ тұтынушылар одағы экономикалық университетін (2004) экономист мамандығы бойынша бітірген.1998 жылдан - ҚР Әділет министрлігі Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы бөлімінің бас маманы, бастығы. 2000 жылдан - заң сараптамасы бөлімінің бастығы, бақылаужәне құжаттық айналым басқармасының бастығы, ҚР СІМ аппараты жетекшісінің орынбасары.2003 жылдан - коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.2004 жылдан - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты еңбекпен қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, директоры.2007 жылдан - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.2009 - 2012 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2012-2013 жж ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2013 жылдың шілде айынан "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы басқарма төрағасының кеңесшісі қызметінде
36 жыл бұрын (1978) Орал қаласының әкімі К ӨЛГІНОВ Алтай Сейдірұлы дүниеге келді.
Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мамандығы - заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. Еңбек жолын 2001 жылы Бас проуратура жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, прокуроры болып бастады. 2002-2003 жылдары осы комитеттің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасының прокуроры болды. 2003-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заң актілерін жасақтау және талдау басқармасының бастығы. 2008-2010 жылдары «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары. 2010 жылдан осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет жасады. 2012-2013 жж БҚО әкімінің орынбасары қызметінде болды.
16 4 жыл бұрын (1850-1891) математик, Петербор Ғылым академиясындағы тұңғыш әйел корреспондент-мүшесі КОВАЛЕВСКАЯ Софья Васильевна дүниеге келді.
8 5 жыл бұрын (1929-1968) АҚШ-тағы нәсілдік кемсітушілікке қарсы күрескер, Нобель сыйлығының лауреаты Мартин ЛЮТЕР КИНГ дүниеге келді.
5 6 жыл бұрын (1958) серб саясаткері, Демократиялық партияның төрағасы, Сербияның 2004-2012 жылдардағы президенті ТАДИЧ Борис дүниеге келді.