15 қаңтар. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін, яғни 15 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
69 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Жоғары соты жанындағы Әділ сот академиясының ректоры Зәуреш Хамитқызы БАЙМОЛДИНА дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің заң фаультетін, Саратов заң институты жанындағы аспирантураны, АҚШ-тың Рено қаласында Ұлттық сот колледжі жанындағы курсты бітірген. 1985 жылдан Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетінде, оқытушы, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары. 1994 жылдан — ҚР әділет министрлігі Бас басқармасы заңды тұлғаларды тіркеу басқармасында экономикалық заңнама бөлімінің бастығы, басқарма бастығы. 1996 жылдан — Қазақ мемлекеттік заң институтының кафедра меңгерушісі, кәсіпкерлік-құқықтық факультетінің деканы, доцент, профессор. 2005 жылдан — ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары. 2006 жылдан — ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, бас инспекторы. 2008-2012 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің инспекторы, 2012-2017 жылдар ҚР Әділет министрінің орынбасары болған. 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі (ОСК) болған.
Қазіргі қызметін 2019 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Ерен еңбегі үшін» (2008) медальдарымен марапатталған.
55 жыл бұрын (1970) Ақтөбе облысының бас санитарлық дәрігері Райхан Мұсалиқызы ҚОЙШАНОВА дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысында туған. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің гигиенист-эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдаған.
1995-2005 жылдары — Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы, аса қауіпті инфекциялар зертханасының дәрігері, 2005-2007 жылдары — Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің ескертпелі санитариялық қадағалау бөлімінің бас маманы, 2007-2010 жылдары — Ақтөбе облысы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті Ақтөбе қалалық бөлімінің санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы, 2010-2011 жылдары — Ақтөбе облысы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті Ақтөбе қалалық басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, 2012-2014 жылдары — Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өнеркәсіптік, коммуналды объектілерді және радиациялық қауіпсіздікті санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы, 2014-2017 жылдары — Ақтөбе облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өнеркәсіптік, коммуналдық объектілерді және радиациялық қауіпсіздікті санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы, 2017 жылдан бастап санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың желтоқсан айынан бері атқарып келеді.
49 жыл бұрын (1976) қазақстандық саясаткер, «Кто есть кто в Казахстане» ақпараттық-баспа жобасының жетекшісі, Қазақстан өмірбаяндық энциклопедиясының бас редакторы Данияр Рахманұлы ӘШІМБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. «Тұран» университетін бітірген. 1990-1993 жылдары — Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы Орталық ғылыми кітапханасының кітапханашысы. 1993-2000 жылдары — «Тұран-Азия» Холдинг-орталығының менеджері, бөлім басшысының орынбасары, қаржылық директоры, вице-президенті. 2000-2004 жылдары — «Репутация» коммуникативтік технологиялар орталығының бас редакторы қызметтерін атқарған.
«Кто есть кто в Казахстане», «Казахстан 90-х. Правительство Кажегельдина: приватизация, коррупция и борьба за власть», «Выборы-2004 в Казахстане: шаг за шагом», «Социально-политические портреты государств Центральной Азии» кітаптарының авторы.
47 жыл бұрын (1978) Эстония Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Алтай Сейдірұлы КӨЛГІНОВ дүниеге келді.

Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мамандығы — заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. Еңбек жолын 2001 жылы Бас прокуратура жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, прокуроры болып бастады. 2002-2003 жылдары осы комитеттің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасының прокуроры болды. 2003-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заң актілерін жасақтау және талдау басқармасының бастығы. 2008-2010 жылдары «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары. 2010-2012 жылдары осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет жасады. 2012-2013 жылдары БҚО әкімінің орынбасары қызметінде болды. 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі болған. 2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болған. 2019-2022 жылдары Астана қаласының әкімі.
2024 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
44 жыл бұрын (1981) Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Бақтыбек Бақтығалиұлы ИСАЕВ дүниеге келді.

Атырау қаласында туған. Орталық Азия университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген (2010).
Еңбек жолы: Атырау облысы ІІД бірінші бөлімінің полиция мергені (2003-2006); Атырау облысы Ішкі істер департаментінің аға инспектор-мергені (2006); Атырау облысы ІІД Жол полициясы басқармасы жеке ротасының 2 взводының жол полициясының инспекторы (2006); Атырау облысы Ішкі істер департаменті бірінші басқармасының аға инспектор-мергені (2006 — 2011); Атырау облысы Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті қылмыстық топтар мен қоғамдастықтарды дамыту бөлімінің жедел уәкілі (2011); Атырау облысы Ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті қылмыстық топтар мен қоғамдастықтарды дамыту тобының жедел уәкілі (2011-2012); Атырау облысы Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті адам саудасына қарсы күрес тобының жедел уәкілі (2012-2013); Атырау облысы Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті адам саудасына қарсы күрес тобының аға жедел уәкілі (2013-2015); Атырау облысы Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Қылмыстық топтар мен қоғамдастықтарды дамыту бөлімінің бастығы (2015 ж.); Атырау облысы Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Аса қауіпті қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы (2015-2016); Атырау облысы Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары (2016-2017); Атырау облысы Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы (2017-2018); Атырау облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы (2018-2019); Атырау облысының полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы (2019-2020); Көліктегі ДП Атырау стансасы ЛОП бастығының орынбасары (2020-2021); Көліктегі ДП Атырау стансасы ТЖБ бастығы (2021-2022); Маңғыстау облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы (2022 ж.); Маңғыстау облысының полиция департаменті бастығының орынбасары (2022-2024).
Қазіргі қызметін 2024 жылдың мамыр айынан бері атқарып келеді.
42 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Сәбитұлы ӘБДІРАИМОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген (2003); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы, халықаралық қатынастар магистрі (2005).
Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТМД істері жөніндегі департаментінің үшінші хатшысы (2005); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТМД істері департаментінің екінші хатшысы; Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігінің Үшінші хатшысы (2007); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТМД департаментінің бірінші хатшысы (2009-2010); Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің талдау бөлімінің сарапшысы, сектор меңгерушісі (2010-2011); Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі (2011-2015); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ЭКСПО-2017 хатшылығы басшысының орынбасары (2015-2016); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ЭКСПО-2017 хатшылығының меңгерушісі (2016-2018); Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігінің Министрдің кеңесшісі (2018-2019); Қазақстан Республикасының Сан-Францискодағы (АҚШ) Бас консулы (2019-2023); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хаттама қызметі басшысының орынбасары (2023-2024 жж.).
Қазіргі қызметінде 2024 жылдың маусым айынан бері.
38 жыл бұрын (1987) «Агромашхолдинг KZ» АҚ президенті Динара Аманжолқызы ШҮКІЖАНОВА дүниеге келді.

Қостанай облысы Қарасу ауданында дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін қаржыгер мамандығы бойынша (2008); Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес университетін Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген (2010)
Еңбек жолы: «ССГПО» АҚ Рудный қаласындағы филиалында есепші (2008); жеке компанияда кадр менеджері, жеке кәсіпкер (2009-2011); «Агромашхолдинг KZ» АҚ маркетинг менеджері, баспасөз хатшысы, кадрлар бөлімінің бастығы (2011-2014); «Агромашхолдинг KZ» АҚ ұйымдық даму жөніндегі басқарушы директоры (2016-2018); «Агромашхолдинг KZ» АҚ басқарма төрағасының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі орынбасары (2018 ж.); «Агромашхолдинг KZ» АҚ атқарушы директорының бірінші орынбасары, бірінші вице-президенті (2018-2022); «Агромашхолдинг KZ» АҚ президенті (2022 ж.); VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (2023-2024).
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2021).