15 қаңтар. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 15 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1956) «Нархоз университеті» КЕАҚ Еуразиялық экономикалық және құқықтық зерттеулер институтының Астадағы орталығының басшысы
Зәуреш Хамитқызы БАЙМОЛДИНА дүниеге келді.

 Зәуреш Хамитқызы БАЙМОЛДИНА
Фото: ortcom.kz

Ақмола облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін, Саратов заң институты жанындағы аспирантураны, АҚШ-тың Рено қаласында Ұлттық сот колледжі жанындағы курсты бітірген.

Еңбек жолы: 1985-1994 жылдары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетінде, оқытушы, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, 1994-1996 жылдары ҚР Әділет министрлігі Бас басқармасы заңды тұлғаларды тіркеу басқармасында экономикалық заңнама бөлімінің бастығы, басқарма бастығы, 1996-2005 жылдары Қазақ мемлекеттік заң институтының кафедра меңгерушісі, кәсіпкерлік-құқықтық факультетінің деканы, доцент, профессор, 2005-2006 жылдары ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2006-2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, бас инспекторы, 2008-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің инспекторы, 2012-2017 жылдары ҚР Әділет министрінің орынбасары, 2017-2019 жылдары ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі (ОСК) болған. 2019-2025 жылдары ҚР Жоғары соты жанындағы Әділ сот академиясының ректоры лауазымын атқарды.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Ерен еңбегі үшін» (2008) медальдарымен марапатталған.

56 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Райхан Мұсалиқызы ҚОЙШАНОВА дүниеге келді.

Райхан Мұсалиқызы ҚОЙШАНОВА
Фото: Gov.kz

Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысында туған. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетін гигиенист-эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1995-2005 жылдары Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы, аса қауіпті инфекциялар зертханасының дәрігері, 2005-2007 жылдары Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің ескертпелі санитариялық қадағалау бөлімінің бас маманы, 2007-2010 жылдары Ақтөбе облысы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті Ақтөбе қалалық бөлімінің санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы, 2010-2011 жылдары Ақтөбе облысы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті Ақтөбе қалалық басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, 2012-2014 жылдары Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өнеркәсіптік, коммуналды объектілерді және радиациялық қауіпсіздікті санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы, 2014-2017 жылдары Ақтөбе облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өнеркәсіптік, коммуналдық объектілерді және радиациялық қауіпсіздікті санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы, 2017-2020 Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшы орынбасары, 2020-2021 жылдары Ақтөбе облысы медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшы орынбасары, 2021 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып қызмет етті.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың желтоқсанынан бастап атқарып келеді.

50 жыл бұрын (1976) қазақстандық саясаткер, «Кто есть кто в Казахстане» ақпараттық-баспа жобасының жетекшісі, Қазақстан өмірбаяндық энциклопедиясының бас редакторы Данияр Рахманұлы ӘШІМБАЕВ дүниеге келді.

Данияр Рахманұлы ӘШІМБАЕВ
Фото: ia-centr.ru

Алматы қаласында туған. «Тұран» университетін бітірген.

1990-1993 жылдары ҚР Ғылым Академиясы Орталық ғылыми кітапханасының кітапханашысы, 1993-2000 жылдары «Тұран-Азия» Холдинг-орталығының менеджері, бөлім басшысының орынбасары, қаржылық директоры, вице-президенті, 2000-2004 жылдары «Репутация» коммуникативтік технологиялар орталығының бас редакторы қызметін атқарған.

«Кто есть кто в Казахстане», «Казахстан 90-х. Правительство Кажегельдина: приватизация, коррупция и борьба за власть», «Выборы-2004 в Казахстане: шаг за шагом», «Социально-политические портреты государств Центральной Азии» кітаптарының авторы.

48 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алтай Сейдірұлы КӨЛГІНОВ дүниеге келді.

Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мамандығы — заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.

Еңбек жолын 2001 жылы Бас прокуратура жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, прокуроры болып бастады. 2002-2003 жылдары осы комитеттің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасының прокуроры болды. 2003-2007 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2007-2008 жылдары ҚР Әділет министрлігінің заң актілерін жасақтау және талдау басқармасының бастығы, 2008-2010 жылдары «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары, 2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2012-2013 жылдары БҚО әкімінің орынбасары, 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі, 2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі, 2019-2022 жылдары Астана қаласының әкімі болып қызмет атқарған.

2024 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

45 жыл бұрын (1981) Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Бақтыбек Бақтығалиұлы ИСАЕВ дүниеге келді.

Бақтыбек Бақтығалиұлы ИСАЕВ
Фото: azh.kz

Атырау қаласында туған. Орталық Азия университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген (2010).

Еңбек жолы: 2003-2006 жылдары Атырау облысы ІІД бірінші бөлімінің полиция мергені, 2006 жылы Атырау облысы ІІД аға инспектор-мергені, 2006 жылы Атырау облысы ІІД Жол полициясы басқармасы жеке ротасының 2 взводының жол полициясының инспекторы, 2006-2011 жылдары Атырау облысы ІІД бірінші басқармасының аға инспектор-мергені, 2011 жылы Атырау облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті қылмыстық топтар мен қоғамдастықтарды дамыту бөлімінің жедел уәкілі, 2011-2012 жылы Атырау облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті қылмыстық топтар мен қоғамдастықтарды дамыту тобының жедел уәкілі, 2012-2013 жылдары Атырау облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті адам саудасына қарсы күрес тобының жедел уәкілі, 2013-2015 жылдары Атырау облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті адам саудасына қарсы күрес тобының аға жедел уәкілі, 2015 жылы Атырау облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Қылмыстық топтар мен қоғамдастықтарды дамыту бөлімінің бастығы, 2015-2016 жылдары Атырау облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Аса қауіпті қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, 2016-2017 жылдары Атырау облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, 2017-2018 жылдары Атырау облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, 2018-2019 жылдары Атырау облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, 2019-2020 жылдары Атырау облысының полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы, 2020-2021 жылдары Көліктегі ДП Атырау стансасы ЛОП бастығының орынбасары, 2021-2022 жылдары Көліктегі ПД Атырау стансасы ТЖБ бастығы, 2022 жылы Маңғыстау облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, 2022-2024 жылдары Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары болып қызмет атқарған.

Қазіргі қызметін 2024 жылдың мамыр айынан бері атқарып келеді.

43 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Сәбитұлы ӘБДІРАИМОВ дүниеге келді.

Азамат Сәбитұлы ӘБДІРАИМОВ
Фото: akorda.kz

2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, 2005 жылы халықаралық қатынастар магистрі ретінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясында білім алған.

Еңбек жолын 2005 жылы ҚР СІМ ТМД істері департаментінің үшінші хатшысы болып бастады. Одан әрі осы департаментте екінші хатшы лауазымында жұмыс істеді. 2007 жылы Италия Республикасындағы ҚР Елшілігіне үшінші хатшы ретінде жіберілді. 2009-2011 жылдары ҚР СІМ ТМД департаментінде бірінші хатшы болып жұмыс істеді.

2010-2011 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің талдау бөлімінің сарапшысы, сектор меңгерушісі болды. 2011-2015 жылдары Испания Корольдігіндегі ҚР Елшілігінің бірінші хатшысы ретінде жіберіліп, онда кеңесші лауазымына дейін көтерілді. 2015-2016 жылдары ҚР СІМ ЭКСПО-2017 Хатшылығы басшысының орынбасары, 2016-2018 жылдары ҚР СІМ ЭКСПО-2017 хатшылығының басшысы қызметін атқарған. 2018 жылы Канададағы ҚР Елшілігінің кеңесші-уәкілі қызметін атқарды. 2019-2023 жылдары Сан-Франциско қаласында (АҚШ) Қазақстан Республикасының Бас консулы болды. 2023 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметі басшысының орынбасары болған.

Қазіргі қызметіне 2024 жылы тағайныдалған. І сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

39 жыл бұрын (1987) «Агромашхолдинг KZ» АҚ президенті Динара Аманжолқызы ШҮКІЖАНОВА дүниеге келді.

 Динара Аманжолқызы ШҮКІЖАНОВА
Фото: parlam.kz

Қостанай облысы Қарасу ауданында туған. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін қаржыгер мамандығы бойынша (2008); Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес университетін Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген (2010).

Еңбек жолы: 2008 жылы «ССГПО» АҚ Рудный қаласындағы филиалында есепші, 2009-2011 жылдары жеке компанияда кадр менеджері, жеке кәсіпкер, 2011-2014 жылдары «Агромашхолдинг KZ» АҚ маркетинг менеджері, баспасөз хатшысы, кадрлар бөлімінің бастығы, 2016-2018 жылдары «Агромашхолдинг KZ» АҚ ұйымдық даму жөніндегі басқарушы директоры, 2018 жылы «Агромашхолдинг KZ» АҚ басқарма төрағасының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі орынбасары, 2018-2022 жылдары «Агромашхолдинг KZ» АҚ атқарушы директорының бірінші орынбасары, бірінші вице-президенті. 2022 жылы «Агромашхолдинг KZ» АҚ президенті, 2023-2024 жылдары VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып қызмет атқарған.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2021). 

Соңғы жаңалықтар