15 қарашада әлемдік мұнай құны тағы төмендеді
АЛМАТЫ.KAZINFORM - 15 қараша, жексенбі күні сауда барысында әлемдік мұнай бағасы қайтадан түсті.
Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,61%-ға арзандап, барреліне 95,84 доллар болды.
Oilprice.com дерегіне сәйкес, америкалық WTI маркалы мұнайдың бағасы 0,2%-ға түсіп, барреліне 88,56 долларға дейін арзандады.
Ал ресейлік Urals маркалы мұнай 0,79%-ға арзандап, барреліне 71,39 доллар болды.
Мұнай нарығындағы ахуал Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына төнген қауіп-қатерлерге байланысты әлі де тұрақсыз.
11 қарашада Йеменнің «Ансар Аллах» қозғалысы (хуситтер) Сауд Арабиясындағы Эр-Рияд халықаралық әуежайы мен Янбу қаласы маңындағы мұнай инфрақұрылымына соққы жасағанын мәлімдеді.
Еске салсақ, бұған дейін әлемдік мұнай бағасы апта бойы төмендеп жатқаны айтылды.
Ал сенбі мұнай бағасы сәл өсім көрсеткен еді.