Әлемдік мұнай бағасы апта бойы құлдырап жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Жұма күні таңертең әлемдік мұнай бағасы аздап төмендеді.

Қарашаның басы мұнай бағасының төмендеуімен басталды
Фото: Kazinform\ЖИ

13 қараша таңертеңгі сауда қорытындысы бойынша, Brent маркалы мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстері барреліне 95,65 доллар болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,17 долларға немесе 0,18%-ға төмен.

Oilprice.com мәліметінше, америкалық WTI маркалы мұнай фьючерстері барреліне 88,35 доллар деңгейінде саудаланды. Оның бағасы 0,39 долларға немесе 0,44%-ға арзандады.

Осылайша, мұнайдың екі негізгі түрі де екінші апта қатарынан арзандап отыр.

Ал ресейлік Urals маркалы мұнайдың бағасы барреліне 72,18 доллар болды. Бұл 0,02 долларға немесе 0,03%-ға жоғары.

Мұнай нарығындағы ахуал Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына төнген қауіп-қатерлерге байланысты әлі де тұрақсыз.

11 қарашада Йеменнің «Ансар Аллах» қозғалысы (хуситтер) Сауд Арабиясындағы Эр-Рияд халықаралық әуежайы мен Янбу қаласы маңындағы мұнай инфрақұрылымына соққы жасағанын мәлімдеді.

Сонымен қатар 11 қараша, сәрсенбі күні Абу-Дабиде Ресей, Украина және АҚШ арасындағы екі күндік үшжақты келіссөздер аяқталды.

Кездесудің басты практикалық нәтижесі — тұтқындарды ауқымды көлемде алмасу туралы алдын ала келісімге қол жеткізу болды.