15 келі марихуанамен ұсталған Тараз тұрғыны 11 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі көлемдегі есірткілік заттарды заңсыз сақтап, сату мақсатында тасымалдаған ер адамды айыпты деп таныды.
None
None

ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен ақпараттандырғандай, Тараз қаласының тұрғыны өзінің Subaru Forester көлігімен Атырау қаласына жалпы салмағы 15 келіге жуық есірткілік зат - марихуананы тасымалдаған. Оны Атырау қаласында полиция қызметкерлері ұстады.

Сот үкімі бойынша сотталушы ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлімінің 3-тармақшасымен кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Соңғы жаңалықтар