15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіле ме?

АСТАНА. KAZINFORM – Әлеуметтік желілерде 15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіліп, барлығына маска кию режимі енгізілетіні туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлімдеді.

коронавирус
Фото: pixabay.com

«ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес, ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады.

Маска кию режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі», — делінген ақпаратта.

Онда коронавирус инфекциясының жағдайы бақылауда екені жазылған. 

«Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді.

Азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз», — деп толықтырған ведомство ақпаратын.

Соңғы жаңалықтар