15 мамыр. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 15 мамыр күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

ЕСІМДЕР

78 жыл бұрын (1947) Қазақстанның мемлекет және саясат қайраткері, дипломат Нұртай Әбіқайұлы ӘБІҚАЕВ дүниеге келді.

Нұртай Әбіқайұлы ӘБІҚАЕВ
Фото: oq.gov.kz

Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында туған. Свердловск қаласы (қазіргі Екатеринбург) Орал политехникалық институтын, Алматы Жоғары партия мектебін, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

1970-1972 жылдары Кеңес Армиясының офицерлік құрамында қызмет атқарды. 1972-1976 жылдары Алматы ауыр машина жасау зауытының инженер-конструкторы, 1976-1984 жылдары партия-кеңес жұмысында, 1984-1990 жылдары Қазақстан Министрлер кеңесі төрағасының және КП ОК бірінші хатшысының көмекшісі, 1990-1991 жылдары Қазақ ССР Президенті аппаратының басшысы, 1991-1994 жылдары ҚР Президенті және Министрлер кабинеті аппаратының басшысы, 1994-1995 жылдары ҚР Президенті аппаратының басшысы, 1995-1996 жылдары Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, Швеция Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Ирландия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарды. 1996-1998 жылдары ҚР Президентінің бірінші көмекшісі, 1998-1999 жылдары ҚР ҰҚК төрағасы болды. 2000-2002 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. 2002-2004 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы, 2004-2007 жылдары ҚР Парламенті Сенатының төрағасы. 2007-2008 жылдары Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2008-2010 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, 2010-2015 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, 2015-2017 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі.

2018 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

Экономика ғылымдарының докторы, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі.

60 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасының мемлекет және саясат қайраткері Гүлшара Наушақызы ӘБДІҚАЛЫҚОВА дүниеге келді.

 Гүлшара Наушақызы ӘБДІҚАЛЫҚОВА
Фото: old.kzvesti.kz

Қызылорда облысында туған. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген.

1987-1994 жылдары Қызылорда облысының халықты әлеуметтік қорғау басқармасының аға инспекторы, бөлім бастығы. 1994-1995 жылдары ҚР Жоғарғы Кеңесінің халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультанты. 1995-2003 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, зейнетақымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек көрсету департаментінің директоры, зейнетақымен қамтамасыз ету және халықтың табысын реттеу департаментінің директоры. 2003-2005 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2005-2006 жылдары «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы. 2006-2007 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2007-2008 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. 2008-2009 жылдары ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы қызметтерін атқарған. 2009-2012 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2012-2013 жылдары ҚР Президентінің кеңесшісі – ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, 2013-2014 жылдары Премьер-Министрінің орынбасары, 2014-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, 2019-2020 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2020-2022 жылдары Қызылорда облысының әкімі болды.

«Парасат», ІІІ-ші дәрежелі «Барыс» ордендерімен, мерекелік медальдармен марапатталған.

41 жыл бұрын (1984) гимнастшы, көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әлия Мақсұтқызы ЖҮСІПОВА дүниеге келді.

Әлия Мақсұтқызы ЖҮСІПОВА
Фото: olympic.kz

Шымкент қаласында туған.

2000-2005 жылдары халықаралық жарыстардың жеңімпазы, әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше мәрте жүлдегері, командалық және жекелеген есепте Пусанда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері, Дохада алауы тұтанған Азия ойындарының жеңімпазы атанып, Азия чемпионатының 5 бірдей алтын медалін жеңіп алған. 2004-2008 жылдары Афина және Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. 2001 жылдан бері Әлия Жүсіпова Мәскеудегі көркем гимнастикадан олимпиадашылар дайындайтын орталықтың бас төрешісі атақты Ирина Винердің тәлімінде жаттыққан.

Гимнастикалық мансабын аяқтаған соң Шымкентте көркем гимнастика мектебін ашып, жаттықтырушылық қызметке кірісті.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Қазақстанның бес дүркін чемпионы, Азияның абсолюттік чемпионы, әлем біріншіліктерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, екі Олимпиада ойынының қатысушысы.

40 жыл бұрын (1985) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Азамат Сағатұлы ЖОЛМАНОВ дүниеге келді.

Азамат Сағатұлы ЖОЛМАНОВ
Фото: Новый Вестник

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген. 2019 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Сыртқы байланыстар және инвестициялар департаментінің сарапшысы лауазымынан бастаған. Одан кейін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, Сектор меңгерушісі, директордың орынбасары, Мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби дамыту институты директорының орынбасары, Қарағанды облыстық филиалының директоры, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Стратегиялық әзірлемелер және халықаралық бағдарламалар департаментінің директоры лауазымдарын атқарды. 2022-2025 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды.

Қазіргі лауазымын 2025 жылдың ақпан айынан бері атқарып келеді.

36 жыл бұрын (1989) «Ақтөбе» ӘКК АҚ Басқарма төрағасы Ауез Бағбанұлы ТАЙМБЕТОВ дүниеге келді.

Ауез Бағбанұлы ТАЙМБЕТОВ
Фото: avestnik.kz

Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар, Халықаралық құқық», «Экономика» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы: 2008-2012 жылдары құрылыс компаниясының басшысы, 2016 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны «Волковгеология» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, 2016 жылы «КЭМОНТ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, 2023 жылы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры болып қызмет атқарған.

Қазіргі қызметінде 2023 жылдың желтоқсанынан бері.

31 жыл бұрын (1994) Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы Бексұлтан Ержанұлы ӘДІЛХАНОВ дүниеге келді.

Бексұлтан Ержанұлы ӘДІЛХАНОВ
Фото: Gov.kz

Шымкент қаласында туған. 2012-2016 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2019-2021жылдары Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Еңбек жолын 2016 жылы Шымкент қаласы әкімі аппараты заң бөлімінің бас маманының міндетін атқарушысы болып бастаған. 2017-2020 жылдары Шымкент қаласы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі заң бөлімінің бас маманы, 2018-2020 жылдары Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасы қоғамдық ұйымдармен жұмыс,талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, 2020-2021 жылдары Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ММ саяси ахуал бөлімінің басшысы, 2021-2023 жылдары Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары, 2023-2024 жылдары Шымкент қаласының дін істері басқармасының басшысы болып қызмет етті.

Қазіргі лауазымын 2024 жылдың мамырынан бері атқарып келеді.

103 жыл бұрын (1922-2008) қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш қыз, штурман-атқыш, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, Халық қаһарманы Хиуаз Қайырқызы ДОСПАНОВА дүниеге келген.

Хиуаз Қайырқызы ДОСПАНОВА
Фото Ерболат Әміровтің отбасылық мұрағатынан

Атырау облысында туған. 1940 жылы Оралдағы №1 орта мектебін үздік бітірген.

Ұшқыштық өмір жолын Орал аэроклубында бастап, кейін соғысқа аттанады. Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған. Хиуаз қызмет еткен полк Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина, Беларусь, Польша, Германия аспанындағы шайқастарға қатысқан. Қазақ қызы қан майданда 300-ден аса жауынгерлік операция орындап, аса маңызды жау шебін талқандайды. Соғыста әскери ұшақпен аспан төрінде ерлігімен танылған, ал соғыстан кейінгі бейбіт өмірде қайраткерлігімен дараланған қазақтың қаһарман қызы. 2008 жылы 21 мамырда Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды. Өжеттілігі мен ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Жеңістің 60 жылдық мерейтойы қарсаңында соғыс ардагері, ұшқыш қыз Хиуаз Доспановаға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілді. Атырау қаласында ескерткіш орнатылып, оның есімі бір көшеге берілген. Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Атырау халықаралық әуежайына аты аңызға айналған ұшқыштың есімі берілді.

Соңғы жаңалықтар