15 мамыр. ҚазАқпарат: Атаулы күндер, оқиғалар, есімдер

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2018 жылғы 15 мамырға арналған күнтізбені ұсынады.
None
None

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық отбасы күні. 1993 жылдан бастап, БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын атап өтіледі.

Халықаралық климат күні. 1992 жылы Халықаралық қауымдастық парникті газдардың ауаға таралуымен байланысты қауіпті мойындай отырып, БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі конвенциясына қол қою туралы уағдаласты. 

Ар-ұят сеніміне байланысты әскери қызметтен бас тартудың халықаралық күні. Халықаралық күн 1997 жылдың 15 мамыры күні бекітілді. Нақ осы күні немістердің федералды парламенті (Бундестаг) нацистік әскери сот төрелігі жеке бас сеніміне байланысты әскери қызметтен бас тартқан және осы себептермен қызметтен қашқаны үшін қудаланғандарды ақтау туралы қарар шығарды.


ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1989 жылы Алматыда қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы Ш.Уәлихановтың ескерткіші ашылды. Ескерткіш авторлары - мүсінші Хакімжан Наурызбаев пен сәулетші Шота Уәлиханов.

1992 жылы Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Атом қуаты жөніндегі агенттігі құрылды.
1992 жылы Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан мемлекеттері арасында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылды. Әзербайжан келісімге 1993 жылғы 24 қыркүйекте, Грузия 1993 жылғы 9 қыркүйекте, Беларусь 1993 жылғы 31 желтоқсанда қол қойды.

1999 жылғы 2 сәуірде Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттері келісімнің мерзімін келесі бесжылдыққа ұзарту туралы хаттамаға қол қойды. Алайда Әзербайжан, Грузия және Өзбекстан оның мерзімін ұзартудан бас тартып, Өзбекстан сол жылы Демократия және экономикалық даму ұйымына қосылды.

ҰҚШ-нің 2002 жылғы 14 мамырда Мәскеуде өткен сессиясында ұйымды толыққанды халықаралық ұйымға - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) айналдыру туралы шешім қабылданды.

1999 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі құрылды.
2006 жылы Алматыда басталған «Қазақстандағы PR күндері» мерекесі шеңберінде тұңғыш рет студенттік «PR-сейшн» отырысы өтті. Дөңгелек үстел басына жиналған ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, жұртшылықпен байланыс мамандарын дайындайтын республикадағы озық жоғары оқу орындарының оқытушылары және ПР-агенттіктердің басшылары мен осы мамандықта оқитын студенттер коммуникативті сала мамандарын даярлау мәселелерін қарастырып, пікір алмасты. Шара барысында қазақстандық «PR-шы» клубының ұйымдастыруымен студенттер арасында өткізілетін «Ең үздік ПР-жоба» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

2009 жылы Берлинде Қазақстанның Германиядағы жылы ауқымында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның («Болашақ») Германиядағы және Еуропадағы құрлықтық елдердегі өкілдіктері ресми түрде ашылды.

2010 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (ЕҰУ) XX ғасырдың белгілі түрколог-ғалымы және ойшылы Лев Николаевич Гумилевтің құрметіне шығармашылық кеш өтті.

2012 жылы Германияның Шверин және Висмар қалаларында Қазақстан экономикасының күні өтті.

2012 жылы Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасында Болатбек Төлепбергеннің «Ұлттық идея - тәуелсіздік тұғыры» кітабының таныстырылымы өтті.

2013 жылы Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы және Доминика Достастығының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері Бірлескен коммюникеге қол қойып, екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2014 жылы Астанада G-global алаңында әлемдік саясаткерлер мен ғалымдардың қатысуымен онлайн-конференция өтті.

2015 жылы Алматыда тарих ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ермұқан Бекмаханов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

2015 жылы Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасында қазақтың суырып салма ақыны Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына арналған «Айтыс өнерінің алтын діңгегі» атты кітап көрмесі өтті.

2015 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында танымал қазақстандық суретші Ералы Оспанұлының «Қазақтың халықтық әдет-ғұрыптары» кітабының таныстырылымы болды.

1864 жылы «Новая заря» парфюмерия фабрикасының негізі қаланды. Иіс су жасаудың әдісін ойлап тапқан француз кәсіпкері Генрих Брокар Мәскеуде өз шеберханасын ашты. Ол кәсіпорынның алғашқы өнімдері - «Детское», «Медовое», «Янтарное» сабындары. Содан кейін әртүрлі иіссулар шығарыла бастады. Олардың ең танымалы II Николай патшаның зайыбы Александра Федорованың тапсырысы бойынша дайындалған «Императрицаның сүйікті иіс суы». Ол кейіннен «Красная Москва» деген атпен белгілі болды.

ЕСІМДЕР

null 71 жыл бұрын (1947) Қазақстанның мемлекеттік саяси қайраткер, дипломат ӘБІҚАЕВ Нұртай Әбіқайұлы дүниеге келді.
Алматы облысы, Жамбыл ауылы, Жамбыл ауданында туған. Свердловск қаласы (қазіргі Екатеринбург) Уральск политехникалық институтын, Алматы Жоғары партия мектебін, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. 1970-1972 жж. - Кеңес Армиясының офицерлік құрамында қызметте. 1972-1976 жж. - Алматы ауыр машина жасау зауытының инженер-конструкторы. 1976-1984 жж. - жауапты партия-кеңес жұмысында. 1984-1990 жж. - Қазақстан Министрлер кеңесі төрағасының және КП ОК бірінші хатшысының көмекшісі. 1990ж. мамыр-1991ж. маусым - Қазақ КСР Президенті аппаратының басшысы. 1991ж. маусым-1994ж. маусым - Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының және Министрлер кабинетінің басшысы. 1994ж. маусым-1995ж. қазан - Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының басшысы. 1995-1996 жж. - Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Швеция Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Ирландия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 1996-1998 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші көмекшісі. 1998-1999 жж. - Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасы. 2000-2002 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. 2002-2004 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы. 2004-2007 жж. - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы. 2007-2008 жж. - Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2008ж.-2010ж. тамыз - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. 2010 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалды. Қазіргі қызметінде - 2015 жылғы желтоқсаннан бері. ҚР Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі.
Экономика ғылымдарының докторы, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Дипломатиялық рангі - Төтенше және Өкілетті Елші. Әскери атағы - генерал-майор. ҚР ҰҚК құрметті қызметкері. ҚР Волейбол федерациясының президенті, ҚР Гольф ұлттық ассоциациясының президенті, Ұлттық жаратылыстану академиясының президенті.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев", "Парасат", "Орден Дружбы" (Ресей), "Орден Почета" (Ресей) ордендерімен және медальдармен марапатталған.

117 жыл бұрын (1901-1991) қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты ТАЙБЕКОВ Елубай Бәзімұлы дүниеге келді.
Ақмола облысы Қорғалжын ауданында туған. Орынбордағы зоотехникалық-малдәрігерлік техникумының даярлау бөлімін, милиция мектебін және Мәскеудегі К.Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясын бітірген. 1935-1951 жылдары аралығында Қазақ ауыл шаруашылығы институтында, Қазақ КСР Жер шаруашылығы халық комиссариатында, Қазақстан Компартиясының Ақтөбе облыстық комитетінде түрлі лауазымды қызметтер атқарған. 1951-1955 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1955-1957 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағасы, 1957-1961 жылдары - Қазақ ауыл шаруашылығы академиясының академик-хатшысы, бөлім меңгерушісі, 1961-1963 жылдары - Қазақ ауыл шаруашылық институтының ректоры, 1963-1977 жылдары осы институттың ауыл шаруашылығы экономикасы кафедрасының меңгерушісі болған. 1977 жылы зейнет демалысына шыққан.
Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, 1-ші дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі», Қазан революциясы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

null 98 жыл бұрын (1920-1997) қазақтың белгілі жазушысы БАҚБЕРГЕНОВ Сәуірбек дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған.
Ұлы Отан соғысына қатысып, Солтүстік Батыс майданда Новгород, Псков, Калинин, Холм түбіндегі ұрыстарға қатысты. 28-панфиловшылар дивизиясында взвод командирі, кейін дивизиялық байланысшы офицер болды. Соғыстан кейін «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінде, «Жазушы» баспасында қызмет атқарған.
Алғашқы жыр шумақтары баспасөз бетіне 1939 жылы шықты. Кеңес Одағының батыры атағын екі рет алған ұшқыш Т.Бигелдиновтің өміріне арналған алғашқы «Талғат» повесі 1950 жылы жарияланған. Сонымен қатар Ш.Уәлиханов, К.Әзірбаев, Б.Момышұлы өмірінен елеулі туындылар жазған. Жастарды адамгершілікке, адалдыққа, отансүйгіштікке баулитын, замандастар жайлы ой толғайтын, тарих қойнауынан сыр шертетін және Ұлы Отан соғысы тақырыбын арқау еткен 20-ға жуық романдар мен повестер жинағының авторы. Көптеген шығармалары ТМД елдерінің тілдеріне аударылған. Көркем аударма саласында да жемісті еңбек етіп, М.Горькийдің, У.Фолкнердің, В.Короленконың бірсыпыра шығармаларын қазақшаға тәржімалаған.
91 жыл бұрын (1926-1994) ақын, сазгер ТӘЖІБАЕВ Бәкір дүниеге келді.
Ақтөбе облысы Байғанин ауданында туған. 1941 жылдан бастап Темір педагогика училищесінде оқып, Жұрын (қазіргі Мұғалжар) аудандық газетінде, аудандық комсомол комитетінде істеген. 1950 жылы Алматы театр-сурет училищесі жанындағы кино-актерік бөлімін бітіргеннен кейін, бірталай жыл Жамбыл, Шымкент облыстық театрларында актерлікпен шұғылданған. 1958 жылдан Абай атындағы Қазақ опера және балет театры әдеби бөлімінің меңгерушісі болған. Кейін Алматы облыстық Халық шығармашылығы үйінде, Қазақ КСР Театр қоғамында жұмыс жасаған. 1974 жылдан бастап бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысқан. Оның бірнеше жыр жинақтары, кең тараған әндері мен ән сөздері, драмалық шығармалары бар. «Жас Дәурен», «Ақбұлақ», «Әппағым-ау, Әппағым», «Гүлсің-ау» әндері бар. Оның өз орындауындағы әндері «Мелодия» фирмасынан күйтабақ болып шыққан. «Қамар сұлу» операсы либреттосының авторы.

null 89 жыл бұрын (1929-2015) қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері МЕДЕУБЕКОВ Қилыбай Үсенұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында туған. Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген. Ол республиканың ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғылыми жұмыстармен айналысып, басшылық қызметтер атқарған. 1997 жылдан Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығында қызмет атқарады. Қ.Медеубековтің академик Ә.Еламановпен бірге жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде республикадағы биязы жүнді, жоғары өнімді қой тұқымы - солтүстік қазақ мериносы шығарылды. Ол академик В.Больмонттың бастамасымен қолға алынған ағылшынның биязылау кроссбред жүнді қойларын жерсіндіру, сондай-ақ линкольн, ромни-марш, бордер-лейстер бітімдес қойлардың отандық реподукторларын құру жұмыстарын жалғастырды. Оның негізгі ғылыми ізденістері бағалы қой тұқымдарының гендік қорын сақтауға, жетілдіру және көбейтуге, таза тұқымды австралия мериностарының репродукторын құруға, солтүстік қазақ мериносын асылдандыруға және биязылау жүнді, төлді көп беретін қой тұқымын шығаруға бағытталған. Ғалымның 500-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген.
«Қазан төңкерісі», «Халықтар достығы» және екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
86 жыл бұрын (1931-1989) актер, Қазақстаннның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты НОҒАЙБАЕВ Ыдырыс дүниеге келді.
Алматы облысы Талғар қаласында туған. Мәскеудегі А.В.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институты жанындағы қазақ студиясын бітірген. 1954 жылдан бастап Қазақ драма театрының құрамында қызмет етіп, 1970 жылдан бастап Алматы мемлекеттік өнер институтының актерлер факультеті мен республикалық эстрада студиясында педагогикалық қызметпен шұғылданған. Ол «Абай», «Қара Қыпшақ Қобыланды», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Асауға-тұсау», «Қан мен тер», т.б. қойылымдарда ойнаған. 1955 жылдан бастап «Мазасыз көктем», «Асу», «Ботакөз», «Алғашқы мұғалім», «Шыңдағы шынар», «Қыз Жібек», «Қилы кезең», т.б. көркем фильмдерге түсіп, ұлттық кино өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Гастрольдік сапармен Қазан, Уфа, Нүкіс, Шираз (Иран) қалаларында өнер көрсеткен.
«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

null 84 жыл бұрын (1934-2001) ақын ҚҰТТЫҚОВ Мешітбай дүниеге келді.
Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. 1958-1987 жылдары ішкі істер саласында қызмет етіп, ұзақ жылдар бойы Қазалы, Арал аудандық мемлекеттік автоинспекциясының бастығы қызметін атқарған. 1987 жылдан «Қазақ тілі» қоғамының Арал аудандық бөлімшесі төрағасының орынбасары болып істеген.
Оның тұңғыш өлеңдері баспасөз бетінде 1948 жылы жариялана бастады. М.Құттықовтың «Құс жолы», «Ар-намыс», «Мазасыз түндер» жыр кітаптары мен «Аяқталмаған ән» атты повестер, әңгімелер жинағы жарық көрген. Ақынның «Айқас» поэмасы 1971 жылы республикалық әдеби байқауда бірінші орын алған.
78 жыл бұрын (1939) әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі БАҚТАЕВ Кеңес дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Құрманғазы атындағы консерваторияны бітірген. 1966 жылдан Абай атындағы опера және балет театрының әншісі болды. Қазір зейнет демалысында. Ол театр сахнасында көптеген рөлді сомдады.
76 жыл бұрын (1941) ақын, сазгер, Республикалық «Жалын» бәйгесінің жүлдегері, Платиналы Тарлан сыйлығының лауреаты, Түркі поэзиясы халықаралық фестивалінің, Қазақстан Жазушылар одағының Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлығының лауреаты САПАРБАЙ Исраил дүниеге келді.
Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысында туған. Шымкент педагогика институтын бітіріп, осы облыстың «Оңтүстік Қазақстан» газетінде істеген. 1973-1975 жылдары Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент облысаралық бөлімшесінде, «Жалын» баспасында, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жазушы» баспасында, «Қазақфильм» телестудиясында, Сыртқы істер министрлігі ТМД елдері департаментінде жауапты қызметтер атқарған. 1998-1999 жылдары Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан елшілігінде 2-нші хатшы болған. Ол 70-ке жуық әндер мен 150-ге тарта ән мәтіндерінің авторы. «Ауылдан келген ару», «Әмір-Темір», «Абай-Тоғжан», «Сыған серенадасы», «Махаббат мейрамы» атты пьесалары театр сахнасында қойылып келеді.

null 74 жыл бұрын (1944) ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері БӨДЕШҰЛЫ Жаркен дүниеге келді.
Қытай Халық Республикасының Тарбағатай аймағында туған. Шыңжаң университетін, Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1969 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Мерзімдік басылымдарда және Мемлекеттік кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған. Қазір Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. Тұңғыш жыр жинағы «Орақ пен балға» 1978 жылы жарық көрді. Әр алуан басылымдарда ақынның «Аңырақай бекетіндегі ой», «Қарауыл төбе», «Генерал Жаһар Дудаев», «От пен су», «Тас бесік», «Бостандық басы» атты дастандары жарияланды. Ол Түркі тілдес елдер поэзиясы ІІ фестивальінің лауреаты атанып, Қ.Сәтбаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық мүшайраның бас жүлдесін жеңіп алды. 
«Парасат» орденімен марапатталған.


null 64 жыл бұрын (1954) Еуразиялық экономикалық одақ соты төрағасының орынбасары БӘЙІШЕВ Жолымбет Нұрахметұлы дүниеге келді. 
Қостанай облысында туған. КСРО ІІМ Волгоград жоғары тергеу мектебін, Алматы жоғары партия мектебін біңтірген.
Еңбек жолын орта мектепте мұғалім болып бастады, Қостанай облысының құқық қорғау органдарында, партия қызметінде болды. 1990-1992 жылдары - ҚР Жоғарғы Кеңесінің бас маманы, аға консультанты, заңнама, құқықтық сараптама және талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1992-1995 жылдары ҚР Конституциялық сотының судьясы. 1995 жылы - Қазақ мемлекеттік заң институтының конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті. 1996-2001 жылдары - ҚР Президентінің ҚР Парламенті Сенатындағы өкілі. 2001-2002 жылдары - ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілі. 2002-2011 жылдары - ҚР Жоғарғы сотының судьясы, ҚР Жоғарғы соты жалпы отырыстарының хатшысы. 2011-2014 жылдары ЕурАзЭҚ сотының судьясы. 2014 жылғы қазан-желтоқсан айларында - ЕурАзЭҚ сотының төрағасы.
Қазіргі қызметінде - 2015 жылғы қаңтардан бері. 
«Құрмет» (2005), «Парасат» (2015) ордендерімен, «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған, «Сот жүйесінің ардагері» (2015); ҚР Соттар одағының, ҚР Жоғарғы соты төрағасының Құрмет грамоталарымен, ҚР Президентінің алғысхатымен марапатталған.
61 жыл бұрын (1956) таяу және алыс шетелдердегі фестивальдар, конкурстар, өнер форумдары мәселелері бойынша халықаралық үйлестіруші, «Елім-ай» балалар қорын ұйымдастырушы, басшысы және дирижері РОМАНОВСКАЯ Лариса Ивановна дүниеге келді.
ҚР музыка қайраткерлері одағының мүшесі, Intercultur, IFCM халықаралық ұйымының, FOMGED мүшесі.
Свердлов қаласында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын, Абылвай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген.
1990 жылдан бастап ҚР музыка қайраткерлері одағы атынан Алматы қаласында хор секциясының меңгерушісі, балалар музыкалық мектептерінің, гимназиялардың, эстетикалық бағыттағы мектептердің хормейстерлер қалалық секциясының жетекшісі. 2010 жылдан бері - қазіргі қызметінде. 
М.Әуезов медалімен, Халықаралық музыка қайраткерлері одағының, ҚР музыка қайраткерлері одағының, қалалық педагогика кадрлары білімдерін жетілдіру институтының, ҚР білім министрлігінің, Алматы қаласы әкімшілігінің, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімшілігінің құрмет грамоталарымен марапатталған, көптеген халықаралық ұйымдардың марапаттарына ие болған.

null 60 жыл бұрын (1958) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі БЕРГЕНЕВ Әділғазы Сәдуақасұлы дүниеге келген.

Семей облысында туған. Семей қаржы-экономика техникумын (1976); Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын (1987) бітірген.

Еңбек жолын Бородулиха ауданының салық инспекциясында бастап, сол жерден әскер қатарына шақырылды. Әскери қызметтен кейін ауданның кеңестік және партиялық органдарында қызмет етті. 1990 жылы ауданның салық инспекциясына жұмысқа ауысып, 1995 жылы Семей облысы бойынша салық полициясы облыстық басқармасының бастығы болып тағайындалды;
Семей облысы әкімінің бірінші орынбасары, Семей облысы әкімінің міндетін атқарушы (1997); Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары (1997-1998); Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімі (1998); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшлігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы (1998-1999); Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (1999-2003); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2003-2007); Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары (2007-2008); ШҚО әкімі (2008-2009); «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарушы директоры, аппарат басшысы (2010-2017).

Қазіргі лауазымын 2017 жылғы қыркүйектен бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен (2015); «Ерен еңбегі үшін» (2005), «10 жыл Астана» (2008) медальдарымен марапатталған.

 

null 59 жыл бұрын (1959) Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ актері ЖОЛЖАҚСЫНОВ Ерік Қалиұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. А.В.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтын бітірген, драма және кино актері.
1982 жылдан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. Қазіргі қызметінде 1989 жылдан бері.




null 55 жыл
бұрын - ақын, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар одағы сыйлығының және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері (2014) Гүлнәр САЛЫҚБАЙ дүниеге келді.

1963 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы Жамбыл ауылында туған.

Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1986 жылы бітірген. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Арай» - «Заря» журналында, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында қызмет істеді. «Атамұра» баспасында редактор, «Алаш» баспасында бас редактор, «Қазақстан» телерадио корпорациясында «Жан» бірлестігінің жетекшісі, «Қазақстан» телеарнасында бас редактор болды. Қазір «Ел» продюсерлік орталығында сценарлық топтың жетекшісі.

«Бір жұтым ауа, қызыл күн», «Жан» атты жыр кітаптары жарық көрген. «Жан», «Аспандағы аңсарым» атты М.Цветаеваның өлеңдерін аударып, кітап «М.Цветаева» деген атпен басылып шықты.


null

52 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы ӘБДІҚАЛЫҚОВА Гүлшара Наушақызы дүниеге келді. 
Қызылорда облысында туған. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген.
1987-1994 жылдары - Қызылорда облысының халықты әлеуметтік қорғау басқармасының аға инспекторы, бөлім бастығы. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультанты. 1995-2003 жылдары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, зейнетақымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек көрсету департаментінің директоры, зейнетақымен қамтамасыз ету және халықтың табысын реттеу департаментінің директоры. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2005-2006 жылдары - «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. 2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы қызметтерін атқарған. 2009-2012м жылдары - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2012 жылғы қыркүйектен бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2013 жылы Премьер-Министрінің орынбасары. 
«Парасат» орденімен, медальдармен марапатталған.

null 33 жыл бұрын (1984) гимнастшы, көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бес дүркін чемпионы, Азияның абсолюттік чемпионы, әлем біріншіліктерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, екі Олимпиада ойынының қатысушысы Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы ЖҮСІПОВА Әлия Мақсұтқызы дүниеге келді.
Шымкент қаласында туған. 2000-2005 жылдары халықаралық жарыстардың жеңімпазы, әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше мәрте жүлдегері, командалық және жекелеген есепте Пусанда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері, Дохада алауы тұтанған Азия ойындарының жеңімпазы атанып, Азия чемпионатының 5 бірдей алтын медалін жеңіп алған. Ә.Жүсіпова көпсайыс түрінен әлемдегі ең үздік ондықтар қатарына енген алғашқы қазақ қызы. 2004-2008 жылдары Афина және Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. 2001 жылдан бері Әлия Жүсіпова Мәскеудегі көркем гимнастикадан олимпиадашылар дайындайтын орталықтың бас төрешісі атақты Ирина Винердің тәлімінде жаттығады.
"Құрмет" орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

null 125 жыл
 бұрын (1891-1940) орыс жазушысы, сатирик-фантаст, ХХ ғасыр әдебиетінің классигі, Н.Гоголь мен С.Салтыков-Щедриннің шәкірті БУЛГАКОВ Михаил Афанасьевич дүниеге келді.

 

Соңғы жаңалықтар