15 наурызда астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 15 наурыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None
None

11.00-де онлайн-көрсетілім форматында брифинг өтеді.

Брифинг тақырыбы: «Балалардың құқығын қорғау шаралары».

Спикер: Алексей Милюк – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

15.00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінде агенттік төрағасы Анар Жайылғанованың қатысуымен брифинг өтеді.

Тақырыбы: Мемлекет басшысы бекіткен мемлекеттік қызмет тұжырымдамасының маңызды тұстары.

16.00-де ҚР Сауда және интеграция министрлігі қорытынды шығаруды, сондай-ақ тұтынушылардың құқығын қорғау саласында еңбек етіп жүрген ерекше, белсенді адамдарды марапаттауды жоспарлап отыр.

Кездесу Министрліктер үйінің 7-кіреберісінде, 1246 -кабинетте өтеді.


Соңғы жаңалықтар