15 наурызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 15 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None
None

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде ҚР 2022 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы және орта мерзімді кезеңге арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары қаралады.

9.30-да Б. Момышұлы даңғылы 2//11 мекенжайында кәсіпкерлер палатасында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының салтанатты ашылуы өтеді.

10.30-да ЭКСПО кешенінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының даму аспектілері – шынайы ахуал» тақырыбында диалог өтеді.

11.00-де Сенатта «Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы теңгерімсіздікті төмендету мақсатында бюджетаралық қатынастарды жетілдіру» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді.

Отырыс сайтта онлайн режимде көрсетіледі.

11.00-де Есіл ауданының полиция басқармасына отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу, ПИК төрағаларымен және тұрғын үй кешендеріне қызмет көрсететін компаниялармен қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл тақырыбына брифинг өтеді.

11.00-де AVENUE бизнес орталығында дағдарысқа қарсы шаралар бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

12.00-де ҚР сауда және интеграция министрлігінің конференц-залында журналистермен кездесу өтеді. Спикерлер ретінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайынов, ведомство басқармаларының басшылары, «Қазақстан тұтынушылар лигасы «Қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасы Светлана Романовская қатысады.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Елдің экологиялық мәселелерін шешу: ҚР Президенті тапсырмаларының орындалуы» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов, ҚР ЭГТРМ қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Мансұр Ошурбаев, ҚР ЭГТРМ Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің директоры Олжас Ағабеков. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/user/ortcomkz

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Бопай ханым» тарихи трагедиясы қойылады.

19.00-де Нұр-Сұлтан қаласында Жастар театрында І. Омаров атындағы Қостанай облыстық театрының гастролі аясында «Құс жолы» драмасы көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар