15 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай болады; бұршақ жаууы мүмкін; кей жерлерде жел күшейеді; жекелеген аудандарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Тек республиканың батыс және оңтүстігінде  ауа райы жауын-шашынсыз.
None
None

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 25 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, таңертең кей жерлерінде тұман болып, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының  кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін; түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар