15 шілдеден ШҚО ішкі әуе тасымалы қалпына келтіріледі

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 15 шілдеден Шығыс Қазақстанда ішкі әуе тасымалы бойынша қозғалыс қалпына келтіріледі. Өскеменнен Семей, Үржар, Зайсанға ұшатын әуе рейстері әр бағыт бойынша аптасына үш реттен болады.
None
None

Барлық ішкі әуе рейстері «әлеуметтік тасымал» статусына ие - тұрғындар үшін авиабилет бағасы қашықтыққа байланысты шамамен 3-тен 8 мың теңгеге дейін. Мәселен, Өскеменнен Зайсанға дейінгі әуе  билетінің құны (АН-24 ұшағымен) - 6 мың теңге.

Өскемен-Семей-Үржар рейсімен сәйкесінше 3 мың және 8 мың теңгеге ұшуға болады. Ал Семейден Үржарға 7 мың теңгеге ұшуға болады, деп хабарлады Өскемен әуежайында.  

«Оңтүстік бағыт» компаниясының әлеуметтік әуе тасымалдарының құнымен айырмашылығы облыстық бюджеттен төленеді.  

Сонымен қатар, жуырда тіркелген «Оңтүстік бағыт» қазақстандық әуе компаниясы («СКАТ» еншілес компаниясы) осындай ұшақпен күн сайын облысаралық «Алматы-Үржар» әуе рейсін жасайды. Жолаушылар үшін авиабилет құны  14 мың теңге болады. Бұл бағыт бойынша әлеуметтік авиарейстерді республикалық бюджет субсидиялайды.

Өскемен әуежайының басшысы Николай Короленко хабарлағандай, АН-24 ұшақтарына техникалық қызмет көрсету Өскемен әуежайы базасында жүзеге аспақ. 

Соңғы жаңалықтар