11:10, 08 Мамыр 2012 | GMT +5
15 соғыс ардагері жаңа пәтерлерде қоныс тойын тойлауда - Павлодар
ПАВЛОДАР. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысына қатысқан 15 майдангердің отбасы қоныс тойын тойлады.

Облыс әкімі Ерлан Арын жаңа пәтерлердің кілтін табыс етті, бұл пәтерлер ардагерлерге арналып салынған болатын, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс орталығында үйге байланысты тізімде тұрған ардагерлер жоқ. Барлық Ұлы Отан соғысының қатысушылары баспанамен қамтамасыз етілген.
Қартжауынгерлерге жекешелендіру келісімшарты бойынша Павлодардың коммуналдық қорынан 15 пәтер берілді.