15 тамыз.ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 15 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

15 тамыз, ЖҰМА

Үндістан Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1947). Үндістан - Оңтүстік Азияда орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Қытай, Непалмен, солтүстік-батысында Пәкістан, Ауғанстанмен, солтүстік-шығысында Бангладешпен, шығысында Бутан, Бирмамен (Мьянма) шектеседі. Мемлекет құрамына Араб теңізіндегі Лаккадив, Аминдив, Бенгаль шығанағындағы Андаман, Никобар аралдары да кіреді. Халқының саны жағынан Қытайдан кейінгі екінші орында. Астанасы - Дели қаласы. Ресми тілі - хинди, ағылшын тілдері, сондай-ақ әртүрлі штаттарында мемлекеттік тіл дәрежесінде қолданылатын 10-нан астам тіл бар. Жалпы Үндістанда 1600-дан астам тіл мен диалекті бар. Үндістан 25 штаттан және 7 одақтас аумақтан тұратын Федеративті Республика. Әр штатының және кейбір одақтас аумағының министр басқаратын үкіметі және заң шығару жиналысы бар. Үндістанның мемлекет басшысы - Премьер-Министр. Ақша бірлігі - рупий. Қазақстан Республикасы мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы ақпанның 23-інде орнатылды.

Корея Республикасының Ұлттық мейрамы - Республика жарияланған күні (1948). Корея - Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Шекарасы Қытаймен және Ресеймен шектеседі. Әкімшілік жағынан 9 провинциядан және тікелей орталыққа бағынатын 6 қаладан тұрады. Астанасы - Сеул қаласы. Ресми тілі - корей тілі. Ақша бірлігі - вон. Мемлекет басшысы - Президент. Заң шығарушы органы - Ұлттық жиналыс. Қазақстан Республикасы мен Корея арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қаңтардың 28-інде орнатылды.

Конго Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1960). Конго - Орталық Африкада орналасқан мемлекет. Оңтүстігінде Анголамен, шығысында Конго Демократиялық Республикасымен, солтүстігінде Камерун, Орталық Африка Республикасымен, батысында Габонмен, оңтүстік-батысы Атлант мұхитымен шектеседі. Әкімшілік жағынан 10 облысқа және Браззавиль автономиялық коммунасына бөлінеді. Астанасы - Траззавиль қаласы. Ресми тілі - француз тілі, сонымен қатар банту тілі мен Конго өзенінің орта ағысы аумағындағы этноаралық сөйлесу тілі лингала кеңінен тараған. Ақша бірлігі - Африка қаржы қауымдастығы франкі. Мемлекет басшысы - Президент. Заң шығарушы органы екі палаталы парламент - Сенат және Ұлттық жиналыс.

Поляк Халық армиясы күні. 1920 жылы тамыз айында Қызыл Армияның Батыс майданы мен Поляк Армиясы арасында Варшава шайқасы болды. Шайқас тамыздың 13-нен 16-ына дейін созылды.

Ұлттық еске алу күні (Нидерландыда өтетін жыл сайынғы үлкен шеру (Голландия). Бұл күн Тынық мұхитта екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуына орай атап өтіледі. Жыл сайын Амстердамның оңтүстік бөлігіндегі Мартин Лютер Кинг саябағында карнавалдар мен қойылымдардың үлкен шеруі өтеді. Саябаққа кіру кешкі сағат 18.00-ге дейін тегін, одан кейін ақылы. Сонымен қатар саябақта пародия думаны өтеді.

Археолог күні. Археология - тарих ғылымының көне дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы. Археология термині жыл санауға дейінгі 4 ғасырда көне заманды зерттейтін ретінде қолданыла бастағанымен, ғылыми археологиялық зерттеулер Еуропада Қайта өркендеу дәуірінде ғана жүргізілген.

Коста-Рикада аналар күні. Жыл сайын аталып өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

5 3 жыл бұрын (1961) Қазақстан картасында жаңа екі қала Шахтинск және Абай пайда болды. Абай Қарағанды облысындағы Абай ауданының орталығы. Қала іргетасы 1949 жылы Қарағанды көмір алабының батыс телімдерінің игерілуіне байланысты Шерубайнұра кенті ретінде қаланған. Қалада 5 шахта, «Шығыс» көмір байыту фабрикасы, темір-құйматас бұйымдары зауыты, құрылыс материалдары және құралымдар комбинаты, тігін фабрикасы, нан зауыты, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты жұмыс істейді. Сондай-ақ онда Тау-кен техникумы, 13 мектеп, 8 аурухана, 2 музыка, 1 спорт мектебі, 2 оқушылар үйі, мәдениет үйі, кинотеатр, кітапхана, стадион, жүзу бассейні бар. Шахтинск қаласы Шерубайнұра және Тентек өзендері аралығында Қарағандыдан 50 шақырым жерде орналасқан. Іргесі 1949 жылы Тентек кокстелетін көмір кен орнының игерілуіне байланысты қаланған. Қаланың әкімшілік қарамағына Шахан және Новодолинка поселкесі, Солтүстік-батыс елді мекені кіреді. Аталмыш өңірдің тас көмір қоры 4,5 миллиард тоннаны құрайды. Қалада технологиялық колледж, кәсіптік-техникалық мектеп, 10-нан астам орта дәрежелі білім беретін оқу орындары, көркемөнер, музыка, спорт мектептері жұмыс жасайды.

100 жыл бұрын (1914) Солтүстік және Оңтүстік Америка арасында қазылған Панама арнасы ресми түрде ашылды.

2 2 жыл бұрын (1992) әдебиетші, қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтың тұрған үйіне орнатылған ескерткіш тақтаның ашылу құрметіне орай Алматы қаласы жұршылығының жиыны өтті. Сағат Әшімбаев (1947-1991) Қазақстан Республикасының саясат қайраткері, әдеби сыншы, тележурналист, жазушы. Алматы облысының Райымбек ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын 1969 жылы «Жас Алаш» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің әдеби қызметкерлігінен бастаған. «Жұлдыз» журналынның бөлім меңгерушісі, «Жас Алаш» газеті редакторының орынбасары, «Жалын» баспасында қызмет істеген, ҚазТВ «Парыз пен Карыз» бағдарламасының жүргізушісі, Қазақ КСР Телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарған. «Сын мұраты», «Талантқа тағзым», «Парасатқа құштарлық», «Шындыққа сүйіспеншілік», «Ақиқатқа іңкәрлік» атты кітаптардың авторы. Алматы қаласының көшелерінің біріне оның есімі берілген. 1993 жылы Алматы облысының Райымбек ауданындағы Сағат Әшімбаев атындағы мектептің алдына оның мүсін-ескерткіші орнатылды.

1 8 жыл бұрын (1996) Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында қазақтың ұлы ақыны, философы, ағартушы, композитор, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайға арналған ескерткіші ашылды.

7 жыл бұрын (2007) Павлодар облысы Қашыр ауылында алғаш рет ауылдық Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) ашылды.

5 жыл бұрын (2009) Астанадағы әуежайдың аумағындағы жаңа футбол алаңының ашылу рәсiмі өттi. Спорт алаңының ашылуы астаналық әуежай қызметкерлерін спорт рухына баулудың және салауатты өмір салтын ынталандырудың ең маңызды үлесі болып табылады.

ЕСІМДЕР

11 1 жыл бұрын (1903-1970) Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі АЙТАЛИЕВ Жарқын дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысында туған. Томск технологиялық институтын бітірген. Ол 1930-1938 жылдары Орталық Қазақстан, Жоңғар Алатауында пайдалы қазындылар кендерін іздеу, барлау жұмыстарын жүргізіп, Алтайда бірнеше, оның ішінде Ақтау сирек металдар кенін тапқан. 1938 жылдан «Қалбақалайы» комбинатының бас инженері, барлау партияларының бастығы, «Никель-қалайы барлау» тресіне қарасты Қалба-Нарын геологиялық-барлау мекемесінің, «Алтай түсті металл барлау» тресінің сирек металдар бөлімінің, Қазақ КСР Ғылым академиясы Алтай кешенді ғылыми-зерттеу экспедициясының бастығы болған. 1949-1956 жылдары - Алтай кен-металлургия ғылыми-зерттеу институтының директоры және геология бөлімінің меңгерушісі. 1957-1963 жылдары - Қазақ КСР геология министрінің орынбасары. 1963 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ КСР Ғылым академиясының сектор меңгерушісі болған. «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

8 6 жыл бұрын (1928-1994) ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері ҚАЙЫРБЕКОВ Ғафу дүниеге келді. Қостанай облысының Торғай қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Қазақ мемлекеттік баспасы поэзия редакциясының басшысы, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасы поэзия редакциясының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1968-1973 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясының жетекшісі. 1973-1989 жылдары - «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары. Қазақстан Жазушылар одағы Ақындар қауымдастығының президенті болған. Ақынның «Құрдастар», «Дала қоңырауы», «Жер астындағы жұлдыздар», «Қанатты жылдар», «Беласар», «Жұлдызды тағдырлар», «Елтінжал», «Ақ желкен», «Үш қиян», «Балықшы Иван», «Қосбасар», «Таулар сөйлейді», «Арал әуендері», «Балқурай», «Күн баласы», «Большевик ауылы», «Алтын бесік», «Көсемнің нұрлы атымен», «Дала саздары», «Торғай толқыны», «Асу алда», «Желқайық», «Бір кеменің үстінде», «Маңғыстау маңғаздары», «Күнтеңескен» поэмалар, повестер, өлеңдер, очерктер, көптеген әндердің өлеңдері мен 40-тан аса кітаптың авторы. Көркем аударма саласында Рудакидің, Байронның, Пушкиннің, Лермонтовтың, Некрасовтың, Шевченконың, Мақтымқұлының, Толстойдың, Куприннің, Короленконың, Буниннің, Есениннің, Ғамзатовтың шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. «Халықтар достығы» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

8 6 жыл бұрын (1928) балет әртісі, Қазақстанның халық әртісі МАНСКАЯ Инесса Ивановна дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Алматы хореографиялық училищесін бітірген. 1945 жылдан Қазақ академиялық опера және балет театрының бишісі, педагог-репетиторы, Классикалық би ансамблінің биші-солисі, педагог-репетиторы болған. Оның репертуарында Алтынай (Н.Тілендиев, Л.Степанов, Е.Манаев «Достық жолымен»), Зарема (Б.Асафьев «Бақшасарай бұрқағы»), Мирта (А.Адан «Жизель») т.б. партиялар бар. 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

7 6 жыл бұрын (1938) актер, Қазақстанның халық әртісі ТАСЫБЕКОВА Торғын дүниеге келді. Алматы облысының Іле ауданында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Қазақ драма театрында Марсела (Лопе де Вега «Шөп қорыған ит»), Айбала (Ә.Тәжібаев «Той болады»), Жансұлу (Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Беу, қыздар-ай»), Баян (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»), Құртқа (М.Әуезов «Қобыланды») рөлдерін ойнаған. Радио-телеқойылымдарға, кинофильмдерге қатысқан. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Ән қанатында» атты көркем фильмде ойнаған Сәбира бейнесі отандық киноөнердің алтын қорындағы актерлік шеберліктің айшықты үлгісі ретінде бағаланған.

7 6 жыл бұрын (1938) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі НҰРҒАЛИЕВ Өтежан дүниеге келді. Ақтөбе облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын орта мектептің мұғалімі болып бастаған. 1968-1969 жылдары «Қазақстан пионері» газетінде, «Жалын» баспасында, Қазақ теледидарында жұмыс істеген. Ақынның «Менің махаббатым», «Ақ нөсер», «Нөсерден кейін», «Ай астында ақбоз үй», «Қайыңды тоғай», «Соғыстың соңғы жазы», «Тыныштық», «Афина мектебі», т.б. жыр жинақтары жарық көрген.

6 6 жыл бұрын (1948) техника ғылымының докторы, профессор, Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты КЕНЖӘЛИЕВ Бағдәулет Кенжәліұлы дүниеге келді. Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1975-1999 жылдары Металлургия және кен байыту институтының инженері, аға инженері, кіші, аға ғылыми қызметкері, зертхана, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1999 жылдан бастап осы институттың директоры болып істейді. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері байытылуы қиын кендерді, жартылай өнімдер мен түсті және асыл металдарды екінші реттік шикізат ретінде қайта өңдеу технологиясына арналған. Ол Ақтоғай және Айдарлы кен орындарындағы мыс кендерін үйінді әдіспен шаймалаудың тиімділігін зерттеген. 200-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның және 3 патенттің авторы. Медальдармен марапатталған.

6 6 жыл бұрын (1948) геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан және Халықаралық минералды ресурстар академияларының, «Еуразия» халықаралық экономикалық академиясының корреспондент мүшесі ҚУАНДЫҚОВ Балтабек Мұқанұлы дүниеге келді. Атырау облысында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген. Еңбек жолын Биікжал мұнай барлау экспедициясының инженер геологы болып бастаған. 1975-1979 жылдары - Ембі аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, Атырау облыстық комсомол комитетінің хатшысы. 1979-1991 жылдары - «Қазмұнайгазбарлау» басқармасының аға геологы, бөлім бастығының орынбасары, «Атыраумұнайгазбарлау» бірлестігінің бөлім бастығы, бас геологы. 1991-1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау жөніндегі мемлекеттік комитетінің басқарма бастығы. 1992-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрінің, Энергетика және отын ресурстары министрінің орынбасары. 1993-1997 жылдары - «Қазақстанкаспийшельф» мемлекеттік компаниясының президенті. 1997-1998 жылдары - «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясының президенті.1998-2001 жылдары - «Chevron Overseas Petroleum Inc.» компаниясының Калифорниядағы орталық кеңсесінің бас кеңесшісі. 2001 жылдан бастап «Nelson Resources Ltd.» компаниясының президенті болып істейді. Бірнеше кітаптың 60-тан астам ғылыми мақала мен еңбектің, соның ішінде 4 монографияның авторы. «Құрмет» орденімен марапатталған.

5 1 жыл бұрын (1963-2000) халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, самбодан әлем чемпионы, әлем кубогының иегері, Әлем чемпионы, КСРО чемпионы ШАЙХИЕВ Асқар Тастайұлы дүниеге келді.

24 5 жыл бұрын (1769-1821) ұлы француз императоры НАПОЛЕОН I (Бонапарт) дүниеге келді. 16 жасында артиллерия кіші лейтенанты шешінде әскери қызметін бастады. 1799 жылы мемлекеттік төңкеріс жасап, бірте-бірте билікті өз қолына алып, 5 жылдан кейін император болды. Ол көптеген жорықтар ұйымдастырып, империя аумағын мейлінше ұлғайтты. Алайды француз басқыншыларына қарсы Ресейдің 1812 жылғы соғысы оның «Ұлы армиясын» күйретіп қана қойған жоқ, сонымен бірге Еуропада Наполеон езгісіне қарсы ұлт-азаттық күрестің басталуына ұйытқы болды. 1814 жылы наурызда Парижге енген одақтастар әскері оны орнынан түсуіне мәжбүр етті. Ол 1815 жылы Эльба аралынан Францияға қайта оралып, екінші рет «жүз күн» билік құрды. 1815 жылы маусмның 2-інде Ватерлоо түбінде Ресейғ Англия, Германия әскерлерінен жеңіліп, 6 жылдан кейін Қасиетті Елена аралында қайтыс болды.

8 9 жыл бұрын (1925-1990) режиссер ҚОСЫБАЕВ Мұрат Жолдыбайұлы дүниеге келді. Орал қаласында туған. Алматыдағы киноактерлер мектебін, Ташкент театр институтын бітірген. Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында, Қарағанды облыстық драма театрында бас режиссер қызметтерін атқарған. Ол аталмыш театр сахналарында «Есірткен ерке» (Ш.Құсайынов), «Әпенде» (Н.Хикмет), «Ыбырай Алтынсарин» (М.Ақынжанов), «Бүліншілік» (Д.А.Фурмановтың романы бойынша), «Үйлену» (Н.В.Гоголь), «Қара қыпшақ Қобыланды» (М.Әуезов), «Беу, қыздар-ай!» (Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітов), «Құдағи келіпті» (Қ.Мұхамеджанов), «Ақан сері - Ақтоты» (Ғ.Мүсірепов), т.б. спектакльдерді сахналады.

8 4 жыл бұрын (1930-1992) композитор, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның қазіргі әнұранының авторы ҚАЛДАЯҚОВ Шәмші дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында туған. Сарыағаштағы Қапыланбек малдәрігерлік техникумын, Ташкенттегі музыка училищесін, Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1950 жылдан бастап шығармашылық қызметпен айналысқан. Ол ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер ретінде танылды. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Композитор шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік Шәмші шығармаларының басты тақырыбы. Оның азаматтық лирикаға тұнған, республикамыздың кең байтақ жерін жырға қосатын «Ақ ерке - Ақ Жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Теріскей», «Қарқаралы», «Өмір өзен», т.б. туындыларын жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдады. Композитордың марш екпінді, жігерлі, шаттықпен шырқалатын «Менің Қазақстаным», «Бақыт құшағында», «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері халық арасына кеңінен тарады. 1992 жылдан бастап сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестиваль дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Шымкент қаласында облыстық филармония, бір көше, Алматы қаласында бір көше, композитор туған өлке - Шәуілдір ауылындағы музыка мектебі - Қалдаяқов есімімен аталады. Шымкент филармониясының алдына Қалдаяқов ескерткіші орнатылған 1991 жылы ол жайлы ғұмырнамалық «Жылдарым менің, жырларым менің» (режиссері Т.Ахметов) деген деректі телефильм түсіріліп, «Шәмшіғұмыр» естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрді.

6 4 жыл бұрын (1950) «Самұрық» холдингі мұнайгаз активтерін басқару жөніндегі директоры КЕШУБАЕВ Ғалиаусат Қайырбекұлы дүниеге келді.

Павлодар қаласында туған. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Автоматика және телемеханика» мамандығы бойынша (1972), Ресей басқару академиясын «Әлеуметтіксаяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша (1992) бітірген.

1972 жылдан - «Маңғышлақмұнай» ӨБ «Өзенмұнай» МГӨБ басқармасында шебер, инженер, аға инженер, комсомол комитетінің хатшысы. 1977 жылдан - Жаңаөзен қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1980 жылдан - Жаңаөзен қалалық партия комитетінің нұсқаушысы, белім бастығы. 1982 жылдан - «Маңғышлақмұнай» ӨБ «Өзенмұнай» МГӨБ партия комитетінің хатшысы. 1983 жылдан - қалалық партия комитетінде белім бастығы, екінші хатшысы. 1986 жылдан - Маңғышлақ облыстық партия комитетінің енеркәсіп және келік белімінің меңгерушісі. 1988 жылдан - «Маңғышлақмұнай» ӘБ ОИТҚ бастығының орынбасары. 1989 жылдан - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жауапты ұйымдастырушысы. 1991 жылдан - «Қазақстанмұнайгаз» ҰМК бас маманы, техникалық басқарма бастығы. 1992 жылдан - ҚР Энергетика және отын ресурстары министрлігі сыртқы экономикалық қызмет басқармасының бастығы. 1995 жылдан - ҚР мұнай және газ енеркәсібі министрінің орынбасары. 1997 жылдан «Қазақойл» ҰМК вице-президенті. 1998 жылдан ҚР Премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары.1999 жылдан - «Қазақойл» ҰМК вице-президенті - аппаратының жетекшісі, бірінші вице-президенті. 2002 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ атқарушы директоры.2002 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ендірістік-техникалық жабдықтау женіндегі басқарушы директоры. 2006-2009 жылдары - «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық «Самұрық» холдингі» АҚ мұнайға активтерін басқару жөніндегі директоры.

«Құрмет» орденімен, 4 медальмен марапатталған.

5 9 жыл бұрын (1955) ҚР Жоғарғы сотының судьясы НҰРАЛИН Дәулен Дәулетұлы дүниеге келді.

Көкшетау облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеен. 1972-1973 жылдары - Алматы қаласы Ленин ауданының нотариалдық кеңсесінің хатшысы., 1973-1978 жылдары - Көкшетау қаласы прокуратурасында тағлымдамадан өтуші. 1979-1981 жылдары - Көкшетау қаласы прокуратурасының аға тергеушісі. 1981-1990 жылдары - Көкшетау облыстық сотының мүшесі. 1990-1997 жылдары - Көкшетау облыстық соты төрағасының орынбасары. 1997 жылғы қаңтар-1997 жылғы мамыр айларында - Көкшетау облыстық сотының қылмыстық істер бойынша алқасының төрағасы. 1997-1999 жылдары - Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы. Қазіргі қызметінде - 1999 жылдан бері.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; ҚР Соттар одағының «Үш би» құрмет белгісімен марапатталған.

20 7 жыл бұрын (1807-1891) француз саяси қайраткері, 1879-1887 жылдардағы Франция президенті Франсуа Жюль Поль ГРЕВИ дүниеге келді.

8 3 жыл бұрын (1931-1996) кеңестік және ресейлік композитор, РСФСР халық әртісі ТАРИВЕРДИЕВ Микаэл Леонович дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар