15 тамыз күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде 2023 жылғы қаңтар-
шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және
республикалық бюджеттің атқарылуы, жаңа оқу жылына дайындық мәселелері қаралады.
11.00-де Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде «Елордада балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу шаралары туралы» онлайн брифинг өтеді. https://www.facebook.com/rsk.astana01
11.00-де Астана қаласының кәсіпкерлер палатасында Ирак Елекеевтің төрағалығымен кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтеді.
12.00-де Тұран, 59 мекенжайындағы QAZAQSTAN спорт кешенінде Астана қаласы әкімдігінің Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебінің «Спорт күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шарасы өтеді.
15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру мәселелері туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz