15 вагон рельстен шығып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еврей автономиялық облысында көмір тиелген 15 вагон рельстен шығып кетті. Бұл туралы оқиға орнындағы жедел штаб өкілі хабарлады.
None
None

«Қиыр Шығыс темір жолының Теплоозерск-Биракан аралығында 8256-шақырымда көмір тиелген №2406 жүк пойызының 15 вагоны жолдан шығып кетті», - деп мәлім етті ол.

Келеңсіз оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Сонымен бірге жедел штаб өкілі жолаушылар пойызы бөгелуі мүмкін екендігін жоққа шығармады, деп хабарлады «Новости».

Соңғы жаңалықтар