10:37, 01 Қараша 2022 | GMT +5
15 жасар қазақстандық теннисші ересектер арасындағы халықаралық турнирге жолдама алды
АСТАНА. ҚазАқпарат – 15 жасар Зара Дәркен алғаш рет ересектер арасындағы халықаралық турнирге жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, З.Дәркен ITF және WTA рейтингісіне кірмесе де, Италияның Соларино қаласында ITF World Tennis Tour W15 сериясы бойынша өтіп жатқан доданың іріктеу сайыстарын сәтті өткізді.
Зара іріктеу сайыстарының алғашқы айналымында италиялық Джорджи Паттиді 6:1, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Ал іріктеу сайыстарының финалында тағы бір корт иесі Камилла Лерволиноны 6:1, 6:4 есебімен жолдан тайдырды.
Негізгі жарыста Ақтөбе теннис мектебінің түлегі дүниежүзілік рейтингте 1236-орында тұрған 25 жастағы ұлыбританиялық Абигейл Амоспен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Paris Masters турнирінде жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.
Фото: ktf.kz