15 желтоқсанда еліміздегі қай жолдар жабық тұр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

«Алматы-Өскемен» автожолында көлік қозғалысы ашылды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Ұлттық комппанияның мәліметінше, Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Астана – Көкшетау - Петропавл» автожолының 18-232-шақырым аралығында (Астана қ. – Щучинск қ.) жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін шектеу енгізілді.

Барлық көлік түрі үшін жабық жолдар

Ақмола облысы

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200-шақырымы аралығы (Астана қаласы – Павлодар облысы шекарасына дейін);

• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (айналып өту) – РФ шекарасы (Қайрақ өткізу пункті)» 16-256-шақырым аралығы (Астана қаласы-Атбасар қаласы);

• «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 30-92-шақырым аралығындағы учаскесі (Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін).

Павлодар облысы

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-415-шақырымы аралығы (Ақмола облысы шекарасынан. – Атамекен а.);

• «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1135-1206-шақырымы(Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті ауылы);

• «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 0-231-шақырымы, (Қалқаман ауылы – Қарағанды облысы шекарасы).

• «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан қаласын айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар - РФ шекарасы (Үрлітөбе ө/п), 191-390-шақырым (РФ шекарасынан Мичурин ауылына дейін);

• "Осы автожолдың 427-587-шақырымы (Кенжекөл ауылынан Абай облысы шекарасына дейін);

• «Павлодар – Шарбақты – РФ шекарасы (Шарбақты ө/п )», 0-112-шақырым (Павлодар қаласынан РФ шекарасына дейін);

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы», 0-152-шақырым (Павлодар қаласынан РФ шекарасына дейін);

• «Ертіс өзені көпірі арқылы Павлодар қаласының батыс айналма жолы», 0-15-шақырым, (Кенжекөл кентінен Ақсу қаласына дейін);

• «Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов», 0-220-шақырым (Атамекен кентінен Абай облысы шекарасына дейін)

Қарағанды облысы

• «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 970-1067-шақырым аралығы (Қарағанды қаласы – Молодежный ауылы);

• Осы автожолдың 1067-1135-шақырымы (Молодежный ауылы – Павлодар облысы шекарасы);

• Осы автожолдың 788-906 шақырым аралығы (Ұлытау облысының шекарасынан Топар елді мекеніне дейін);

• «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 592-750-шақырым аралығы (Балқаш қаласынан Жамбыл облысының шекарасына дейін);

• Осы автожолдың 92-164-шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін);

• Осы автожолдың 248-592-шақырым аралығы (Атамекен елді мекенінен Балқаш қаласына дейін);

• «Қарағанды – Аягөз – Боғаз» автожолының 17-217-шақырым аралығы (Қарағанды қаласы – Қарқаралы ауылы);

• «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231-324-шақырымы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы);

Абай облысы

• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 971-1013-шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау а. - ШҚО шекарасы);

• «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 587-733-шақырым аралығы (Павлодар облысың шекарасынан Семей қаласына дейін).

Шығыс Қазақстан облысы

• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1013-1062-шақырым аралығы (Абай облысы шекарасы - Рубеж бекеті).

Жамбыл облысы

• «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 2005-2152-шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасынан Бұрылбайтал ауылына дейін).

Cолтүстік Қазақстан облысы

• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 795-856-шақырым аралығы (Чистополье ауылы – Ақмола облысы шекарасы).

Еске салайық, бұған дейін 15 желтоқсан, дүйсенбі күні Қазақстанның 15 облысында және Астана қаласында дауылды ескерту жарияланғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар