13:08, 20 Наурыз 2021 | GMT +5
15 жыл іздеуде болған өзбекстандық Нұр-Сұлтан қаласынан табылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –17- 18 наурызда елордада «Іздестіру» жедел-профилактикалық шарасы өткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық полиция департаменті мәлім еткендей, 2 күндік шара кезінде 22 қылмыскер ұсталып, із-түссіз жоғалып кеткен 5 адамның мекені белгілі болған. .
«Ұсталғандардың ішіндегі 4 күдікті – Өзбекстан мен Ресей Федерациясының іздеудегі азаматтары. Криминалдық полиция қызметкерлері 2006 жылдан бері ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 51 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Оған Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3 бірдей бабы бойынша қамау шартымен іздеу жарияланған. Контрабанда, есірткі сату және қамау орнынан қашу қылмыстары бойынша күдікке ілінген. Күдікті қазір Нұр-Сұлтана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Экстрадициялау мәселесі шешілуде», - депп жазады департаменттің баспасөз қызметі.