23:21, 11 Тамыз 2023 | GMT +5
15 жыл іздеуде жүрген қырғызстандық Астанада ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат – 15 жыл іздеуде жүрген қырғызстандық азамат Астанада ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ІІМ баспасөз қызметі мемлекетаралық іздеуде жүрген 37 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматы ұсталғанын мәлімдеді. 2008 жылдың қазан айында ер адам сенімге кіре отырып, ұялы телефондарды иемденгені анықталды.
2010 жылы Бішкектің Свердлов аудандық ішкі істер басқармасы қаскүнемге мемлекетаралық іздеу жариялаған. Қазір ер адам Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны Қырғызстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.