153 қазақстандық тарихи отаны Польшаға оралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні поляк ұлтынан шыққан 153 қазақстандық Польшаға жетті. Польша премьер-министрі Беата Шидло репатрианттарды шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Польша СІМ сілтеме жасап.
None
None

«Біз тарихи әділетсіздікті түзеп, поляктарды тарихи отанына қайтаруды бастағымыз келеді. Мұны баяғыда қолға алу керек еді», - деді Польша вице-министрі Матеуш Моравецкий.

Поляктардың ең көп тобы Солтүстік Қазақстан облысының ауылдарынан көшіп келді. Қазақстанның этникалық поляктары Пулутусктағы Поляк диаспорасы үйіне орналастырылады. Оларға Поляк  қауымдастығы қамқорлық көрсетеді, қауымдастық ассимиляция бойынша арнайы және білім беру бағдарламасын әзірлеген.

Еске сала кетсек, 2016 жылы 17 наурызда Польша Сенаты Украина КСР шекара маңында өмір сүрген поляктарды Қазақстанға депортациялаудың 80 жылдығы туралы қаулы қабылдады. Жалпы өткен ғасырдағы екі ауқымды қоныс аудару нәтижесінде 60 мың поляк Қазақстаннан бір-ақ шықты. «Польша Сенаты поляктардың тарихи отанына оралуы үшін барынша жұмыс істеуді өз міндеті деп санайды», - делінген қабылданған қаулыда. 

Соңғы жаңалықтар