16:40, 30 Мамыр 2014 | GMT +5
153 қызылордалық түлек Ресейдегі білім грантын иеленді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордаға Мәскеу ұлттық технологиялық зерттеу университетінен арнайы комиссия келіп, 643 мектеп бітірушіден емтихан қабылдады. Айта кетейік, бұған дейін облыс әкімі Қ.Көшербаевтың бастамасымен аталған оқу орнымен әріптестік байланыс орнатылған болатын. Сынақты сәтті тапсырған 153 оқушы ресейліктердің тағайындаған грантын иеленді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жерлестеріміздің басым бөлігі металлургия, нанотехнология секілді мамандықтарды таңдап отыр. Бұл оқу орнының студенттері Германия, АҚШ, Франция мемлекеттерінде іс-тәжірибеден өтеді. Аймақта металлургия саласын дамыту қолға алынып жатқаны белгілі. Төрт жылдан соң бұл мамандар осы саланың жұмысын жандандыру бағытында жұмыс жасайтын болады.