16 ақпан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 16 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

92 жыл бұрын (1933) философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Президенттің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты Жабайхан Мүбаракұлы ӘБДІЛДИН дүниеге келді.

Жабайхан Мүбаракұлы ӘБДІЛДИН
Фото: e-history.kz

Павлодар облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Ғылым академиясы Философия және құқық институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директоры болған.

1984-1986 жылдары Қазақстан Ғылым академиясы Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы, 1986-1994 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының вице-президенті, 1996-2005 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. 2005 жылдан ҚР Президенті Әкімшілігі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры.

ІІ дәрежелі «Барыс», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

53 жыл бұрын (1971) ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы ӘЛНАЗАРОВА дүниеге келді.

Ақмарал Шәріпбайқызы ӘЛНАЗАРОВА
Фото: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі

Қызылорда қаласында туған. 1994 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын педиатрия мамандығы бойынша, 2006 жылы Қорқыт ата университетін экономист маманыдығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1997-1999 жылдары Қызылорда қалалық балалар ауруханасы қабылдау бөлімінің дәрігері, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері, 1999-2001 жылдары Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім бастығы, басшының орынбасары, 2001-2003 жылдары Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері, 2003-2004 жылдары Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы, 2005-2007 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы Бақылау комитеті облыстық басқармасының басшысы, 2007-2013 жылдары Қызылорда медициналық колледжінің директоры, 2013-2015 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, 2015-2019 жылдары Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы, 2019-2020 жылдары «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2020-2024 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды.

2024 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен, «Шапағат», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен, «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

49 жыл бұрын (1976) Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Рустам Манарбекұлы ЖҮРСІНОВ дүниеге келді.

Рустам Манарбекұлы ЖҮРСІНОВ
Фото: ombudsmanbiz.kz

Өскемен қаласында туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер мамандығы бойынша, 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын экономист мамандығы бойынша, 2013 жылы «СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебін бітірген.

Еңбек жолы: 1996-1997 жылдары «Қазмырыш» ААҚ президенті аппаратының кіші заңгері, 1997-1998 жылдары «Имантау» ЖШС бағалы қағаздар жөніндегі маманы, «Қаржы және салық жөніндегі агенттіктің» салықтар жөніндегі заңгері, 1998-1999 жылдары «GRATA» заң фирмасының заңгері, 1999-2000 жылдары құқықтық сараптама бөлімі бастығының орынбасары, 2000-2001 жылдары даулы мәселелер және түсіндірулер бөлімінің бастығы, 2001-2002 жылдары ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі Заңнама басқармасының бастығы, ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі Заң департаменті директорының орынбасары, 2002-2003 жылдары «GRATA» заң фирмасының серіктесі, «ҚазМұнайТеңіз»ТМК» ЖАҚ жобаларды құқықтық сүйемелдеу департаменті директорының орынбасары, 2003-2007 жылдары «ҚазМұнайГаз-Консалтинг» АҚ құқықтық консалтинг жөніндегі атқарушы директоры, 2007-2009 жылдары «ҚазМұнайГаз-Консалтинг» АҚ президенті, 2009-2011 жылдары «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры, 2011-2012 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Заң департаментінің басшысы, 2012-2015 жылдары «KAZENERGY» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директоры, 2015-2020 жылдары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2024 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен, ҚР Премьер-Министрінің, ҚР Мемлекеттік кірістер министрінің, «Самұрық-Қазына»АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.

47 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Мүтәлікұлы САЙТБЕКОВ дүниеге келді.

Айдар Мүтәлікұлы САЙТБЕКОВ
Фото: aacademymvd.kz

1999 жылы ҚР ІІМ академиясын, 2009 жылы Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды ​​заң институтының магистратурасын бітірген. Саясат ғылымдарының докторы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент.

Еңбек жолы: 1999-2001 жылдары Алматы облысы Ішкі істер департаментінің тергеушісі, 2001-2005 жылдары Алматы облысы Ішкі істер басқармасының жедел штабында қызмет атқарған, 2005-2008 жылдары Алматы облысы Ішкі істер департаменті Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, 2009-2013 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің Академиясында әртүрлі басшылық қызметтер атқарды. Б.Бейсенов атындағы ҚР Ішкі істер министрлігі Қарағанды ​​академиясы бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары, 2014-2018 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі Ақтөбе заң институтының бастығы, 2018-2019 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі Кадр саясаты басқармасының бастығы, 2021-2024 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі М.Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы қызметін атқарды.

2024 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

45 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Сыйлыбайұлы МҮКСІМОВ дүниеге келді.

Салауат Сыйлыбайұлы МҮКСІМОВ
Фото: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Атырау облысында дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» саласындағы PhD докторы.

Еңбек жолы: 2001 жылы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, 2013-2014 жылдары ҚР Парламент Сенаты аппараты, Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы, 2018-2020 жылдары Қостанай облысы бойынша МҚІСҚА сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің бас инспекторы, басшысы, Қостанай облысы бойынша МҚІСҚА агенттігі орталық аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры, 2020-2023 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2023 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.

34 жыл бұрын (1991) Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы Әмір Досхан ДОСЖАНҰЛЫ дүниеге келді.

Әмір Досхан ДОСЖАНҰЛЫ
Фото: Gov.kz

Жамбыл облысында туған. 2013 жылы Алматы энергетика және коммуникациялар университетін жылуэнергетикасы мамандығы бойынша, 2016 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін мұнай-газ инженері мамандығы бойынша, Алматы менеджмент университетін «Инженер-мұнайгаз» мамандығы бойынша, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2013-2014 жылдары «МАЭК-КазАтомПром» ЖШС машинисі, 2014-2017 жылдары «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы» АҚ маркетинг және көліктік логистика бөлімінің маманы, басшысы, 2018-2019 жылдары «Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ басшысының орынбасары, 2019-2020 жылдары «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, 2020-2022 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары, Стратегиялық жоспарлау және жобаларды басқару департаменті директорының орынбасары, 2022-2023 жылдары Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2023 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар