18:24, 12 Мамыр 2009 | GMT +5
16 ауған соғысының ардагері арнайы медальмен марапатталды
АЛМАТЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның Алматыдағы филиалында бір топ ауған соғысының ардагерлерін «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл» медалімен марапаттау рәсімі өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Шара ТМД Үкімет басшылары Кеңесінің жауынгер-интернационалистер ісі бойынша комитетінің ұйымдастыруымен өтті. 16 ауған соғысының ардагеріне аталған медаль табыс етілді.