02:21, 16 Қаңтар 2015 | GMT +5
16 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында 16 қаңтарда күн ашық болады. Ал басқа аумақтарда атмосфералық ағындардың өтуінен қар жауады, бұрқасын, көктайғақ, Сондай-ақ тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Ақмола облысында кей жерлерде көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысында да кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын болады, тұман түседі, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында, түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Батыс Қазақстан облысында күндіз тұман түсуі ықтимал, көктайғақ.