16 қаңтарда республика жолдарындағы ахуал қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Компанияның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты төмендегі автожол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді:
Ақтөбе облысы
• KAZ 06 «РФ шекарасы (Жайсан БӨП) — Ақтөбе — Қызылорда — Шымкент — Алматы — ҚХР шекарасы (Нұр Жолы БӨП)» автожолының 776-836-шақырым аралығы (Эко Ойл жанармай құю бекеті — Хромтау қаласы); • KAZ 09 «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы (Құрманғазы БӨП)» автожолының 104-337-шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы — Атырау облысының шекарасы); • «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240-шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы, ЭКО Ойл ЖҚБ — Қызылорда облысының шекарасы).
Қызылорда облысы
• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362-шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Арал қаласы).
Атырау облысы
• KAZ 09 «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы (Құрманғазы БӨП)» автожолының 337-346-шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Сағыз ауылы); • «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 621-841-шақырым аралығы (Атырау қаласы — Құрманғазы кенті).
Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» авто жолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Сонымен бірге «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.
Еске салайық, 16 қаңтарда Қазақстанның 12 өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды.