16 маусым. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 16 маусым күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

туған күн
Фото: Kazinform/ Midjourney

51 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Ержан Нығматоллаұлы АШЫҚБАЕВ
Фото: Gov.kz

 дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, халықаралық қатынастар саласының маманы, екі шет тілін меңгерген референт-елтанушы. 2012 жылы Гарвард университетінің Дж.Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебі магистратурасының мемлекеттік басқару мамандығын бітірген, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.

Еңбек жолы: 1998-1999 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі департаменті Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының референті, 1999-2001 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы, 2001-2002 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Экономикалық саясат департаменті Еуропа және Америка елдерімен экономикалық ынтымақтастық бөлімінің бастығы, 2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы.

2005 жылы ҰР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарған. 2005-2007 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі Кеңсесінің жетекшісі, 2007-2009 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы, 2009-2011 жылдары Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші – ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, 2012 жылы ҚР Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары, 2012-2013 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі, 2013-2021 жылдары ҚР Cыртқы істер министрінің орынбасары болып қызмет атқарған.

2021 жылдың сәуірінен бастап қазіргі қызметінде.

89 жыл бұрын (1936-2023) ҚР Минералдық ресурстар академиясының мүшесі, Қазақстандағы геологиялық барлау саласының негізін қалаушы ғалым Орал Ақшолақұлы АҚШОЛАҚОВ дүниеге келді.

 Орал Ақшолақұлы АҚШОЛАҚОВ
Фото: And.kz

Туған жері Гурьев қаласы. И.М.Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын тәмамдаған. Геолог, геология-минерология ғылымдарының кандидаты, ҚР жер қойнауын барлау ісінің үздігі, ҚР жер қойнауының құрметті барлаушысы.

1958 жылдан бастап еңбек жолын мұнай және геология мекемелерінде бастаған. 1985-1988 жылдары Батыс Қазақстан ұңғымаларды геофизикалық зерттеу экспедициясының бастығы, 1988-1992 жылдары Алматы геофизика экспедициясының бас геологы, «Қазгеофизика» ӨГБ геология бөлімінің бастығы, 1992-1994 жылдары ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің мұнай және газ бас басқармасының бастығы, 1994-1998 жылдары «Қазмемжерқойнау» минералдық ресурстар бас басқармасы бастығының орынбасары, 1998-2001 жылдары «Степной леопард» бірлескен кәсіпорнының бас директоры, 2001-2003 жылдары «Кен-экономикалық консалтинг» ЖШС бас маманы, 2003 жылы «Центрконсалтинг» ЖШС директоры қызметін атқарған. Н.А.Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің құрылтайшысы, мүшесі.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар