16 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

9.00-де Ұлттық гвардияның 6636 әскери бөлімінде әскери техниканы, қару-жарақты, инженерлік мүлікті, радиациялық-химиялық бактериологиялық қорғау мүлкін және байланыс құралдарын жылдық техникалық тексеру жүргізіледі.
9.00-де «Sheraton» қонақ үйінде Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы Азия даму банкінің қолдауымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын дамыту мәселелеріне арналған конференция өткізеді. Шара шеңберінде АДБ дайындаған «Мемлекеттік-жекешелік әріптестікке шолу: Қазақстан» құжатын ұсынатын болады, аталмыш шолуда мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту, инфрақұрылымды қаржыландыру көлемін ұлғайту және қызметтер көрсету сапасын арттыру үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасаудағы Қазақстанның ілгерілеуіне баға беріледі.
10.00-де Сенатта Мемлекет басшысы VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессияның ашылуында белгілеп берген міндеттер аясында «Агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін арттыру және импортты алмастыру жағдайында ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу мәселелері» тақырыбына арналған үкімет сағаты болады.
10.00-де Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында «Бүкілқазақстандық жекпе-жек сайысы қауымдастығының» ұйымдастыруымен Әлем чемпионаты өтеді. Аталған шара Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қолдауымен өтеді.
10.00-де Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында БАҚ өкілдері үшін баспасөз туры өтеді.
10.00-де Astana Hub-да Қазақстандағы блокчейн индустриясының ауқымды Decentral Asia шарасының ашылу салтанаты өтеді.
11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «1000 орын» бағдарламасын іске асыру» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма басшысының орынбасары Ділмұрат Иминов. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Атырау облысының әкімі Шәпкенов Серік Жамбылұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Қостанай облысының әкімі Ақсақалов Құмар Іргебайұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
15.00-де ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының «Конституция» конференц-залында «Ауыл мектептерінің оқушылары үшін қосымша онлайн білім беру мен дайындық курстарының қолжетімділігі мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
18.30-да Жастар театрында Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры «Махаббат, қызық мол жылдар» қойылымын ұсынады.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Гауһартас» музыкалық драмасы қойылады.