16 млн қазақстандықтың жеке дерегінің таралу фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның шамамен 16 миллион азаматының жеке деректерінің ауқымды таралу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлім етті.

Оның айтуынша, тергеуді бастау туралы тапсырманы Бас прокурордың өзі берді. Материалдар Ішкі істер министрлігіне жолданды, аталған ведомство тергеу шарасын жүргізеді.
Бірер күн бұрын 16 302 107 млн Қазақстан азаматының жеке деректері қайда тарап кеткені жөнінде жорамал айтылған еді.
Кейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттік дерекқор базасы бұзылмағанын айтып сендірді.
Сондай-ақ жеке деректер таралып кеткеннен кейін қазақстандықтар ЖСН-ін қайта жасатуы керек пе деген сауалға жауап іздеген едік.