16 облыста ауа райы бойынша ескерту жарияланды
АCТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның 16 облысында 21 желтоқсан күні ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Абай облысында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады, облыстың солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, батыста, солтүстікте және орталықта солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с жетеді.
Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең қар жауады, облыстың солтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен соғып, түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен шығысында оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.
Ақтөбе облысының шығысында түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының таулы аудандарында күндіз мезгіл-мезгіл қалың қар жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында, күндіз көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз облыстың шығысында солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман және көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында қар, боран, көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, облыстың оңтүстік-шығысы мен солтүстігінде оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–18 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде, солтүстігінде және таулы аудандарында күндіз қар, жаяу бұрқасын болады. Кей жерлерде тұман мен көктайғақ болады.
Жел оңтүстік-батыстан соғып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.
Жетісу облысының шығысында және таулы аудандарында күндіз қалың қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында тұман түседі. Шығысында және таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с, Алакөл көлдері маңында кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысында түнде қар, боран, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын болады. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, облыстың солтүстігі мен шығысында солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Жел солтүстіктен соғып, облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында және орталығында тұман болады. Жел солтүстік және солтүстік-шығыстан соғып, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман мен көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстіктен соғып, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз батысында оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында түнде қалың қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында және таулы аймақтарында жаяу бұрқасын, көктайғақ және тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, түнде және таңертең таулы асуларда екпіні 15–20 м/с.
Ұлытау облысында түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында қар, жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі.
Бұған дейін Риддерде қарда жүретін техникамен тауға кетіп адасқан 9 адам құтқарылғаны туралы жазған едік.