21:53, 27 Қазан 2025 | GMT +5
16 өңірде мәслихат депутаттарының сайлауы өтті
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның 16 өңірінде мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Бұл жолы үміткерлер мандатын тапсырған депутаттардың орнына таласты. Бұл туралы Jibek joly телеарнасының жаңалықтар қызметінде айтты.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бұл науқанға 16 аумақтық, 58 аудандық және қалалық, 70 округтік, 285 учаскелік, бас-аяғы 429 сайлау комиссиясы қатысқан.
Саяси шараны ұйымдастыруға 2750 адам жұмылдырылған.
Орталық комиссия мүшелері 13 өңірге барып, инпекция жасаған.
Айта кетейік, кезектен тыс науқанда 4 облыстық, 15 қалалық, 52 аудандық мәслихат депутаты сайланады. Қорытындысы 1 қарашада шығады.
Айта кетелік Ақтөбеде түрлі деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы өткені туралы жазған едік.