16 желтоқсан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы16 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

16 желтоқсан СЕЙСЕНБІ

Қазақстан Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні. 23 жыл бұрын (1991) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Қазақстанның Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.

Бахрейн мемлекетінің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1971). Бахрейн, яғни екі теңіз корольдігі Катар мен Сауд Арабиясы аралдарының арасындағы Парсы бұғазының оңтүстік жағын ала орналасқан, 33 аралдан тұратын мемлекет. Тәуелсіздік алғанға дейінгі 100 жылдықта Ұлыбританияның отары болды. Мемлекет басшысы - әмір. XVIII ғасырдың соңынан бастап Бахрейнді Әл-Халифа әулеті басқарып келеді. Негізгі пайда көзі - мұнай.

Қазақстан Республикасы мен Бахрейн арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы мамырдың 28-інде орнатылды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

2 8 жыл бұрын (1986) Қазақстан Компартиясы ОК пленумы жедел шақырылып, Орталық комитеттің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевты қызметінен босатты. Оның орнына осыған дейін Ресейдегі Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.Колбин қойылды. Осылайша Қазақстанды басқару мәселесі тағы да көне әдіс бойынша сырттан шешілді.

2 3 жыл бұрын (1991) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде салтанатты түрде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды.

23 жыл бұрын (1991) «ҚазАқпарат» (ҚазТАГ) алғашқы болып әлемге Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланғанын хабарлады.

18 жыл бұрын (1996) Алматыдағы Республика алаңында Тәуелсіздік монументінің ашылу салтанаты болды.

1 8 жыл бұрын (1996) Алматыда бесжұлдызды «Анкара» қонақ үйінің ашылу салтанаты өтті. Аталмыш шараға Қазақстан мен Түркияның Президенттері қатысты.

20 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз резиденциясында ЕуроОдақ Комиссиясының (КЕС) Қазақстандағы тұрақты өкілі Роберт Кремердің сенім грамотасын қабылдады. Елбасы Алматыда ЕуроОдақ өкілдігінің ашылуы Қазақстан мен Еуропа арасындағы экономикалық, саяси байланыстардың дамып, еуропалық серіктестермен сауда-саттық, іскерлік қатынастардың жолға қойылуына едәуір көмек көрсетеді деп атап өтті.

20 жыл бұрын (1994) Ақын Мұхтар Шахановқа «Қырғыз Республикасының ел ақыны» атағы берілді.

1 7 жыл бұрын (1997) Қазақстанның Ұлттық банкі ұлы жазушы М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған құны 20 теңгелік металл естелік шақаларын айналымға шығарды.

10 жыл бұрын (2004) Семейде қазақ халқының танымал ұлы, туған жерінің тәуелсіздігі үшін күрескен Қабанбай батырдың ескерткіші салтанатты түрде ашылды.

8 жыл бұрын (2006) Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында өткен ғасырдың қырқыншы жылдары жұмыс атқарған «Қазақ халқын құтқару ұйымы» («Союз спасения казахского народа») атты жастар ұйымын құрушылардың аты жазылған ескерткіш тақта ашылды. Қозғалыстың 14 белсенді жастарының аты жазылған ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында туыстары мен жақындары қатысты. Одақтың басқарушысы Ғұбайдолла Әнесов 1941 жылы желтоқсанда тұтқындалып, ату жазасына кесілген, қалған қатысушылары ұзақ мерзімге түрмеге қамалды. Жалпақтал көшелерінің біріне Ғ.Әнесовтың аты берілді.

1 4 жыл бұрын (2000) Алматыда ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат Абылай ханға ескерткіш ашылды. Ескерткіш авторы мүсінші - Нұрлан Далбаев.

Абылай хан, Әбілмансұр (1711-1781) - қазақ ханы, ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ даласының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.

9 жыл бұрын (2005) Бейжіңде Қытай банкі мен Қазақстанның Халық банкі арасындағы банк ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды.

Келісімге қол қоюдағы мақсат - екі елдің жетекші банктері арасында өзара тиімді және іскерлік ынтымақтастықты әрі қарай күшейту болып табылады.

9 жыл бұрын (2005) Жамбыл облысы Қаратау қаласында Ұлбике ақынға арналған ескерткіш ашылды.

Жанкелдіқызы Ұлбике (1825-1849) - қазақтың әйгілі ақын қызы, майталман айтыскер, жезтаңдай әнші, дәулескер домбырашы. Оның мол мұрасынан бүгінгі ұрпаққа жеткені мың шумақтай өлең. Бұл жиырмаға тарта айтыстары мен санаулы ғана көңіл-күй толғаулары. Ұлбикенің асыл мұрасын жинауға М.Көпеев, Ә.Диваев, В.Радлов сияқты әйгілі фольклор жинаушылар айрықша ыждаһатпен ден қойған. Ұлбикенің шығармаларын В.В. Радлов Петербург қаласында бастырып, кейін орыс және неміс тілдеріне аударып жариялады. Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Мырзатай Жолдасбеков қатарлы білікті ғалымдар Ұлбикенің ақындығына жоғары баға берген. Бейіті Жамбыл облысына қарасты Талас өзенінің бойында орналасқан.

7 жыл бұрын (2007) Софияда Олжас Сүлейменовтың танымал «Аз и Я» кітабының болгар тіліндегі аудармасының таныстырылымы салтанатты түрде болып өтті.

Болгар оқырманы түркі және славян мәдениеттерінің өзара кірігу феноменін түсіндіріп, ежелгі жазба ескерткіштерінің тарихына қалам тартқан, лингвистикадағы жаңа - түркі-славистика бағытының негізін қалаған автормен танысты.

5 жыл бұрын (2009) Ереванда Қазақстанның Армениядағы Елшілігі армян тіліне аударылған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық жол» кітабының ресми таныстырылымын өткізді.

5 жыл бұрын (2009) Прагада келісімшарт-құқықтық базаны кеңейту және жекелеген салалардағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі Қазақстан мен Чехияның сыртқы істер министрліктерінің арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

4 жыл бұрын (2010) Венада ҚР-ның Австриядағы елшілігі және ЕҚЫҰ жанындағы біздің еліміздің тұрақты өкілдігі Қазақстан тәуелсіздігі күніне және Республиканың Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы аяқталуына байланысты салтанатты қабылдау өткізді.

4 жыл бұрын (2010) Алматыда БАҚ арасындағы «Отандық өндіруші» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «ҚазАқпарат» ұлттық компаниясы «Сапа және жеделдігі үшін» аталымында жеңімпаз болды.

3 жыл бұрын (2011) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында «Мәңгілік Ел» салтанатты аркасының ашылу салтанатына қатысты.

ЕСІМДЕР

100 жыл бұрын (1914-1986) филология ғылымдарының докторы, профессор САЙКИЕВ Халаби Мұхитұлы дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында туған. А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университет) бітірген. 1946-1961 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқытушысы, проректоры, факультет деканы, Қазақстан Ғылым академиясының Тіл және әдебиеті институтының директоры. 1962-1986 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің орыс тілі кафедрасының меңгерушісі. Ғалым орыс, қазақ тілдерін салыстыра, орыс тілінің граматикасын зерттеді. Орта және жоғары оқу орындарына арналған орыс тілі оқулықтарының авторы.

8 5 жыл бұрын (1929) әнші, КСРО және Қазақстан халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері, Социалистік Еңбек Ері ТӨЛЕГЕНОВА Бибігүл Ахметқызы дүниеге келді.

Семей қаласында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. Өнер жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған. 1951-1971 жылдары - Қазақ радиосының, Қазақ мемлекеттік филармониясының әнші-солисі. 1971-1979 жылдары - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әнші-солисі. 1979 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы вокал кафедрасының профессоры. Әншінің репертуарында қазақтың халық әндері, Қазақстан композиторларының шығармалары бар. Өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәрежеге жеткізді. Қазақ опера өнеріне де елеулі үлес қосты. Таңдаулы партиялары: Жібек (Е.Брусиловский «Қыз Жібек»), Қарлығаш (А.Жұбанов және Л.Хамиди «Абай»), Гүлбаршын (Е.Рахмадиев «Алпамыс»), Джильда, Виолетта (Дж.Верди «Риголетто», «Травиата»). Ол «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Бұл Шұғылада болған еді», «Тақиялы періште», «Балалық шағымның аспаны» фильмдерінде өз замандастарының тұлғасын жасады. Гастрольдік сапармен Канадада, Францияда, АҚШ-та, Италияда, Швецияда, Египетте, Алжирде, Сирияда, Үндістанда болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 7-9-шақырылымдарының депутаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған. Астана қаласының құрметті азаматы.

8 4 жыл бұрын (1930-2004) ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ӘБУҒАЛИЕВ Ізтілеу дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

1953-1975 жылдары - Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директорының орынбасары, директоры. 1995 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық аграрлық зерттеу орталығының академик-хатшысы қызметтерін атқарған.

Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанда қант қызылшасының тұқымын өсіруге және селекциясына, аймақтық егіншілік жүйесін жасауға арналған. Оның 250-ге жуық ғылыми еңбектері бар. 10 авторлық куәлік пен патенттің иегері.

2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және бірнеше медальмен марапатталған.

7 8 жыл бұрын (1936-2010) кеңестік және қазақ театр және кино актері, КСРО халық әртісі ШӘРІПОВА Фарида дүниеге келді.

Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында дүниеге келді. Қытай киностудиясы түсірген "Хасен-Жәмила" көркем фильмінде басты рөлді орындап, өнерімен танылған ол 1955 жылы атамекені Қазақстанға оралды.

1959 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерва­ториясын бітіріп, М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрына қабылданды. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы театрда үздіксіз өнер көрсетті. Сахнада қазақ және әлем классиктерінің драмалық туындыларында, осы заманғы қойылымдарда басты рөлдерді шеберлікпен орындап, ұлттық театр өнерінің жаңа сапалық биікке көтерілуіне үлкен үлес қосты. М.Әуезовтің " Айман-Шолпанында " Шолпан, " Абайында " Ажар, " Қара қыпшақ Қобыландысында " Қарлыға, "Еңлік-Кебегінде" Еңлік, "Карагөзінде" Қарагөз, Ғ.Мүсіреповтің " Қозы Көрпеш-Баян сұлуында " Баян, Ә.Нұрпейісовтің "Қан мен терінде" Ақбала, Т.Ахтановтың "Боранында" Жаңыл, Ш.Айтматовтың "Жәмиласында" Жәмила, "Ана - Жер-анасында" Толғанай, Қ.Мұхамеджанов пен Ш.Айтматовтың "Көктөбедегі кездесуінде" Гүлжан мен Айша, Қ.Мұхамеджановтың "Біз періште емеспізінде" Асыл, О.Бөкеевтің "Құлыным меніңінде" Анар, Д.Исабековтің "Әпкесінде" Қамажай, С.Балғабаевтың "Ғашықсыз ғасырында" Фарида, Софоклдың "Эдип патшасында" Иокаста, Еврипидтің "Медеясында" Медея, Шекспирдің "Асауға тұсауында" Катарина, "Ричард ІІІ" трагедиясында Анна леди, Пушкиннің "Шағын трагедияларында" донна Анна, Чеховтың "Сүйікті менің ағатайымында" Елена Андреевнаның қайталанбас образдарын сомдады.

Фарида Шәріпова кино саласында да жемісті еңбек етті. Ол әйгілі режиссерлер Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Сұлтан Қожықов, Әзірбайжан Мәмбетов, Леонид Агранович түсірген көптеген танымал фильмдерде ойнады. Дубляж саласына да көп еңбек сіңірді.

Фарида Шәріпова өнерлі жастарды тәрбиелеу ісіне жете көңіл бөлді. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында көрнекті актер Ы.Ноғайбаев екеуінің шығармашылық шеберханасында шыңдалған жастар бүгінде еліміздің театрларында жемісті еңбек етіп жүр. Фарида Шәріпова мәдениет пен өнердегі еңбегі үшін Қазақ КСР халық әртісі, КСРО халық әртісі құрметті атақтарын, Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы мен КСРО Мемлекеттік сыйлығын, "Парасат" орденін иеленді.

5 5 жыл бұрын (1959) «БТА Банк» АҚ басқарма төрағасы ДАМИТОВ Қадыржан Қабдошұлы дүниеге келді.

Өскемен қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын және Мәскеу қаржы институтының аспирантурасын бітірген.

1982 жылдан - «Союзсистемпром» ҒЗИ Қазақ бөлімінде инженер. 1984 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтында аға инженер, тағылымдамашы-зерттеуші; Мәскеу қаржы институтының тағлымдамашы-оқытушысы, аспиранты. 1988 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтында оқытушы, Қазақстан ҒА Экономика институтында ғылыи қызметкер. 1990 жылдан - «КАТОН экспорт-импорт» фирмасының (Германия) Қазақстан бойынша өкілетті өкілі. 1991 жылдан «Alem Bank Kazakhstan» жетекші экономисі, бас экономисі, сектор меңгерушісі, басқарма бастығының орынбасары, басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 1994 жылдан - ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары. 1997 жылдан - ҚР экономика және сауда вице-министрі. 1997 жылғы қазаннан - ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі. 1998 жылдан - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы. 1999 жылдан - ҚР Президентінің кеңесшісі. 2000 жылдан - «ABN AMRO Банк Қазақстан» ААҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2004 жылдан - «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ президентінің кеңесшісі - директорлар кеңесінің мүшесі. 2007 жылдан - «Ертіс Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы. 2009 жылғы ақпаннан - «Альянс банк» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі. 2009 жылдың мамырынан - 2013 жылдың маусымына дейін «Қазақстан қор биржасы» АҚ президенті. 2010 жылғы мамырдан 2013 жылғы шілдеге дейін - «Қазақстан халық банкі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директоры). 2013 жылғы 30 шілдеде «БТА Банк» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «БТА Бюанк» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. қазіргі қызметінде.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

70 жыл бұрын (1944) «Қазақфильм» (қазіргі - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ) киностудиясының режиссері және қоюшфы-суретшісі ҚЫ СТАУОВ Ғ ани Ахметбек ұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы театр-көркемсурет училищесін бітірген, Ленинград мемлекеттік театр, музыка және кино институтының көркемсурет факультетінде оқыды.

«Алпамыс бартыр», «Бұлбұл», «Аңшылық», «Айдаһар аралы», «Дүние кезек», «Ақсақ құлан», «Қасқырдың қалыңдығы» анимациялық фильмдерінің тең авторы. «Қазына», «Қадырдың бақыты», «Соңғы бұғы», «Жекпе-жек» және басқа да анимациялық фильмдердің авторы. «Орталық Азияның үздік фильмдері» бағдарламасына қатысты (Токио, Киото). «Анкара» халықаралық кинофестивалында, «Пусан-2000»-де фильмдері арнайы көрсетілді.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

22 4 жыл бұрын (1790-1865) бельгиялықтардың тұңғыш королі ЛЕОПОЛЬД I дүниеге келді.

12 6 жыл бұрын (1888-1934) сербтер, хорваттар және словендер королы Александр I КАРАГЕОРГИЕВИЧ дүниеге келді.

8 2 жыл бұрын (1932) орыс кеңес композиторы ЩЕДРИН Родион Константинович дүниеге келді.

6 6 жыл бұрын (1948) кеңестік және ресейлік тележүргізуші, актер, Ресей халық әртісі НИКОЛАЕВ Юрий Александрович дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар