13:04, 30 Маусым 2023 | GMT +5
160-тан астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады – Жеңіс Қасымбек
АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қаланы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз елорда тұрғындары мен қонақтары бос уақытын пайдалы өткізе алатын орындар санын кеңейту үшін ғана емес, сонымен қатар қаладағы саябақтар мен гүлзарларды қайта құру үшін де жұмыс істеп жатырмыз.
Биыл 165-тен астам аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырамыз. Олардың бір бөлігі «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша аяқталды. Атап айтқанда, Амман және Абылай хан көпірлерінің астында жаяу жүргіншілер өткелдері ашылады. Олар Ақбұлақ өзенінің бойындағы саябақ кластерін байланыстырады», - деді Астана әкімі.
Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек қаланы абаттандырумен қатар, оны көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Айтуынша, биыл шаһар аумағына 1 млн жасыл желек отырғызу жоспарланған.