17 ақпанда республика жолдарындағы ахуал қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады. 

17 ақпанда республика жолдарындағы ахуал қандай
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектелді:

Ақтөбе облысы

• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолы, 104-337-шақырым (Қандыағаш қаласы – Атырау облысының шекарасы);

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолы, 776-965-шақырым (Ақтөбе қаласы – Қарабұтақ кенті)

Атырау облысы

• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы бекеті)» автожолы, 337-346-шақырым (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз кенті).

Ақмола облысы

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 16-200-шақырым (Астана қаласы – Павлодар облысының шекарасы).

Павлодар облысы

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 200-254-шақырым (Ақмола облысының шекарасы – Шідерті кенті);

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.

Шығыс Қазақстан облысы

• Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Еске салайық, синоптиктер 17 ақпанда Қазақстанның 17 облысында және Астанада ауа райына байланысты ескерту жасаған еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум