17 қаңтар. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 17 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

туған күн
Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

73 жыл бұрын (1952) мемлекет және қоғам қайраткері, «Қазақстанның Экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрайымы Айгүл Сағадыбекқызы СОЛОВЬЕВА дүниеге келді.

Айгүл Сағадыбекқызы СОЛОВЬЕВА
Фото: qazaqgreen.com

Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында туған.

С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін (1975) химик мамандығы бойынша; Құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1985) «Нашар балқитын және металл емес материалдар технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты (1986).

1975-1979 жылдары ҚазКСР ГА Химия ғылымдары институты тотыққан ерітінділер зертханасының аға лаборанты, инженері, аға инженері, 1979-1993 жылдары Стромпроект ҒЗИ, силикаттардың физикалық-химия зертханасының кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкері; «Баяу балқитын және металл емес материалдар технологиясы» мамандығы бойынша Кандидаттық және докторлық кеңесінің ғылыми хатшысы, 1993-2007 жылдары «Базальт-Инт» ЖШС-ның бас директоры, 1983 — 1987 жылдары Қазақстанның ЛКЖО ОК жанындағы Жас ғалымдар мен мамандар кеңесінің Республикалық ғылыми — техникалық комитетінің төрайымы қызметін атқарды. 1998-2002 жылдары Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының Атыраудағы филиалының төрайымы, 2000-2003 жылдары Қазақстан Сүт және сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығының төрайымы, 2003-2006 жылдары Қазақстан Сүт Одағының тең төрайымы; 2005 жылдан бастап «Атамекен» ҚҰЭП» Үйлестіру кеңесінің мүшесі. 2006 жылдан бастап «Қазақстан Азаматтық Альянсының» Үйлестіру кеңесінің төрайымы қызметінде болды.

2007-2011 жылдары төртінші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2012-2016 жылдары бесінші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. 2016 жылдан бастап — «Аймақ» жергілікті өзін-өзі басқаруды өңірлік дамытуға жәрдемдесу қоры» ЗТБ президенті.

Қазіргі қызметінде — 2017 жылдан бастап.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

69 жыл бұрын (1956) VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ дүниеге келді.

Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ
Фото: parlam.kz

Қарағанды облысы Нұра ауданы Шахтер совхозында дүниеге келген. 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін тарих және әлеуметтік-саяси пәндердің оқытушысы мамандығы бойынша тәмамдады. Сондай-ақ Қарағандының «Болашақ» университетінде «құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1976 жылы 10-шы Қарағанды жол дистанциясы операторының көмекшісі болып бастады. 1978 жылдан бастап кәсіби-техникалық білім беру жүйесінде, оның ішінде Қарағанды қаласының № 26 КТМ басшы қызметтерін атқарды. 1999 жылы Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды. 2011-2016 жылдары Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі қызметінде болды. 2016 жылы VI сайланған Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы болып қызмет атқарған.

Қазіргі қызметіне 2023 жылдың наурыз айында кірісті.

«Құрмет» орденімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

51 жыл бұрын (1974) Қызылорда облысының ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Сұлтанбекұлы ҚОЙШЫБАЕВ дүниеге келді.

 Шахмардан Сұлтанбекұлы ҚОЙШЫБАЕВ
Фото: Gov.kz

Қызылорда облысында туған. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденінің мемлекеттік ауылшаруашылығы институтын «Ғалым агроном», «Болашақ» университетін «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Ы.Жахаев атындағы шаруа қожалығының жұмысшысы ретінде бастаған. 1996-2001 жылдары Ы.Жахаев атындағы колхозының агрономы, «Шахмардан» шаруа қожалығының төрағасы, 2001-2005 жылдары Шиелі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің жетекші маманы, 2005-2010 жылдары Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс атқарды.

2010-2012 жылдары Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, 2012-2020 жылдары Қызылорда облысының Жер қатынастары басқармасының басшысы, 2020-2021 жылдары Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

Қазіргі қызметін 2021 жылдың мамыр айынан бері атқарып келеді.

46 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Капиталмұнайгаз» РММ басшысы Марат Қалмұхамедұлы ӘБІШЕВ дүниеге келді.

Марат Қалмұхамедұлы ӘБІШЕВ
Фото: kapitalneftegaz.kz

Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын Заңгер мамандығы бойынша бітірген, University of Sheffield, LLM, Corporate and Commercial Law.

Еңбек жолын Қазақстан нарықтары мен кәсіпкерлері қауымдастығының заңгері болып бастаған. 2004-2005 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің № 1 Өңіраралық Салық комитетінің ұйымдастыру-құқықтық жұмыс басқармасында жұмыс істеді. 2005-2011 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2011-2015 жылдары «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу департаментінің директоры. Қоғам басқармасының Мүшесі.

2016 жылы «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. Қоғам басқармасының мүшесі. 2017-2020 жылдары «Атырау Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы „Ұлттық компаниясы“ АҚ басқарма төрағасының орынбасары. Қоғам басқармасының мүшесі.

Қазіргі қызметін 2020 жылғы 22 маусымнан бастап атқарып келеді.

34 жыл бұрын (1991) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Алтай АБАЙ дүниеге келді.

Алтай АБАЙ
Фото: qr-pib.kz

Ақтөбе қаласында туған. Л. Н. Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетін өлкетану мамандығы бойынша (2011); Ұлыбританияның Кардифф университетін бітірген (2013).

Еңбек жолы: «Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Аккредиттеу орталығының маманы (2013-2014); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасы орынбасарының көмекшісі (2014-2016); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты (2016-2018); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының көмекшісі (2018-2019); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (2019-2020); Қазақстан Республикасы Президентінің Хаттама қызметінің консультанты, инспекторы, сектор меңгерушісі (2020-2022); Қазақстан Республикасы Президентінің мүлкін басқару департаментінің ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі (2022-2023).

Қазіргі қызметін 2023 жылдың маусымынан бері атқарып келеді.

88 жыл бұрын (1937-2014) жазушы, оннан астам повесть пен әңгімелер жинағының авторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Энгельс Ғаббасұлы ҒАББАСОВ дүниеге келді.

Энгельс Ғаббасұлы ҒАББАСОВ
Фото: ibirzha.kz

Батыс Қазақстан облысындағы Жалпақтал ауданында туған. Филология ғылымының кандидаты (1976), доцент (1978). Орал педагогика институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін (1957), Алматы жоғары партия мектебін (1966), КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын (1976) бітірген. 1957-1968 жылдары мұғалім, комсомол жұмысында, 1966 жылдан Орал облыстық партия комитетінде жауапты қызметте болды. 1996 жылы ҚР Парламентінің депутаты болып сайланды. «Қарт шопан» атты алғашқы әңгімесі «Простор» журналында (1965) жарияланды. Шығармаларын орыс тілінде жазған.

Соңғы жаңалықтар