17 қараша. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 17 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
77 жыл бұрын (1946) мемлекет қайраткері, дипломат Анатолий Владимирович СМИРНОВ дүниеге келді.
Алтай өңірінде туған. 1980 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1987 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында Елшілер мен жоғары лауазымды тұлғалардың біліктілігін арттыру курстарын оқыған. Ресей-Қазақстан университетінің құрметті профессоры, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі.
Еңбек жолы: 1969-1971 жылдары Көкшетау облысы Шучинск қаласының құрылыс-монтаждау басқармасының тас қалаушысы, 1971-1976 жылдары Көкшетау облысы Щучинск қаласындағы ПМК-1712 құрылыс учаскесінің бригадирі, 1980-1984 жылдары Арқалық қаласындағы «Торғайсельстрой-15» тресінің бастығы, 1984-1987 жылдары Торғай облысы Арқалық қаласы Торғай облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, 1988-1990 жылдары Қызылорда қалалық, Қызылорда облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1990-1992 жылдары Министрлер Кеңесі мен Қазақ КСР Президенті Іс басқармасының Алматы қаласындағы құрылыс және өнеркәсіп материалдары бөлімінің бас маманы, аға көмекшісі, 1992-1995 жылдары Алматы қаласының «Қазэнергостроймонтаж» мемлекеттік холдинг корпорациясының вице-президенті, 1995 жылы ҚР Президенті Іс басқармасының Алматы қаласы бойынша ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 1995-1997 жылдары ҚР Алматы қаласы Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, 1997-1998 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс департаменті басшысының бірінші орынбасары, ҚР Сыртқы істер министрлігі Орталық аппаратының және шетелдегі мекемелердің қызметін қамтамасыз ету департаментінің директоры, 1998-2002 жылдары ҚР Сыртқы істер вице-министрі, 2002-2003 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, 2003-2007 жылдары ҚР Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Министр-кеңесшісі, 2007-2008 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, 2008-2012 жылдары ҚР Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД жарғылық органдары жанындағы тұрақты өкілі қызметтерін атқарды.
«Құрмет», «Ұлы Петр II дәрежелі» (РФ) ордендерімен, «Қазақстанның Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астана 10 жыл», «Ұжымдық қауіпсіздік шартына 15 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» мерекелік медальдарымен марапатталған.
66 жыл бұрын (1957) мемлекет қайраткері Самиғолла Хамзаұлы ОРАЗОВ дүниеге келді.
Саратов облысында туған. 1980 жылы Саратов политехникалық институтын бітірген, инженер-механик.
Еңбек жолы:1980-1981 жылдары совхоз шопаны, экономист, аға инженер-механик болды. 1981-1984 жылдары «Джаныбек АТП» бас инженері, 1984-1985 жылдары совхоздың бас инженері, 1985-1992 жылдары «Джаныбек АТП» бас инженері, директоры, 1992-1996 жылдары Жәнібек ауданы әкімдігінде аппарат басшысы, әкімі, 1996-1999 жылдары Орал жол мемлекеттік кәсіпорнының директоры, 1999-2000 жылдары «Қазақавтодор» РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры, 2000 жылы «Қазақавтодор» мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, 2000-2002 жылдары «Қазақавтодор» РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры, 2002-2005 жылдары Батыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасының бастығы, 2005 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Батыс Қазақстан облыстық басқармасының бастығы, басшысының орынбасары, 2005-2007 жылдары Батыс Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының директоры, 2007 жылы «Коммунтехсервис» МКҚК директоры, 2007-2008 жылдары Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының әкімі, Орал қаласының әкімі қызметін атқарды. 2012-2016 жылдары V сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
62 жыл бұрын (1961) ҚР мемлекет қайраткері, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Бекқали Нұрғалиұлы ТОРҒАЕВ дүниеге келді.
Жамбыл облысы Меркі ауданы Киров атындағы совхозда туған. Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітірген. Еңбек жолын Благовещенск ауылындағы Көк-Қайнар агроном болып бастады. Осы салада біраз жылдар қызмет етті. 1998-2004 жылдары Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары, 2004-2005 жылдары Жамбыл облысының әкімдігінде жер қатынастары басқармасының бастығы қызметін атқарды. 2005 -2007 жылдары Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары, 2007 жылдың қаңтарында Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының бастығы болып тағайындалды. 2009 жылдың тамызында Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі, 2015-2018 жылдары Бостандық ауданының әкімі болды. 2018-2021 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі. 2021-2023 жылдары VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер Комитетінің мүшесі.
55 жыл бұрын (1968) «Қазақстан халқына» қорының басқарушы директоры, басқарма мүшесі София Серікбайқызы АЙСАҒАЛИЕВА дүниеге келді.
1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін математик мамандығымен, 1999 жылы Маастрихт менеджмент мектебін бітірген, экономика магистрі.
Еңбек жолы: 1993-1998 жылдары Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, 1998 жылы ҚР Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің менеджері, 1999-2000 жылдары ҚР Статистика агенттігінің Құрылыс және инвестициялар статистикасы басқармасының бастығы, 2000-2001 жылдары ҚР Экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің директоры, 2001-2002 жылдары ҚР ЭМ вице-министрі, ҚР Экономика және сауда министрлігінің демпингке қарсы бақылау комитетінің төрағасы, 2002-2003 жылдары ҚР Кеден бақылау агенттігі төрағасының орынбасары, 2003-2007 жылдары «Қазақстан кәсіпкерлер форумы қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры, 2007 жылы ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, 2007-2009 жылдары ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары, 2009-2010 жылдары ҚР ҚМ Халықаралық қатынастар департаментінің директоры, 2010-2016 жылдары ҚР Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары, 2016-2022 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының міндетін атқарушы қызметін атқарды.
2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.
47 жыл бұрын (1976) «Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ меңгерушісі Мейрам Еркенұлы БЕКТЕМБАЕВ дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы «Қарағанды облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-ның Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бөлімінің жетекші маманы болып бастайды. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу басқармасының бас маманы болды. 2002-2004 жылдары – «Астана қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК директорының орынбасары. 2004-2006 жылдары – «Қарағанды облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-ның құжаттарды қабылдау мен беру және ақпараттық қызмет көрсету бөлімінің бастығы, бас инженердің орынбасары. 2006-2007 жылдары «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК директорының орынбасары, кадр және іс жүргізу бөлімінің басшысы. 2007-2008 жылдары – «Химиялық қауіпсіздік және қалдықтарды басқару ұлттық орталығы» ҚҚ заң бөлімінің басшысы. 2008-2011 жылдары «ҚР СІМ Шаруашылық басқармасы» РМҚК-ның «Дипломат Строй Сервис» ЖШС директоры. 2011-2012 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң бөлімінің басшысы. 2012-2013 жылдары - ҚР ҚМ «Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» АҚ вице-президенті. 2013-2014 жылдары «Назарбаев Орталығы» ММ директорының орынбасары. 2014 жылы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасы» ММ директорының орынбасары.
83 жыл бұрын (1940-2018) ғалым, тарихшы-археолог, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Берлиндегі Неміс археологиялық институтының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Карл Молдахметұлы БАЙПАҚОВ дүниеге келді.
Алматы облысы Талғар қаласында туған. Ленинград мемлекеттік университетін бітірген.
1963-1989 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының аспиранты, ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары болды. 1989-1991 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты Археологиялық орталығының жетекшісі қызметтерін атқарады. 1991-2010 жылдары - Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының директоры қызметін атқарды. 2011-2016 жылдары «Қазақстан археология қоғамы» ҚБ төрағасы; 2016-2017 жылдары Мәдениеттерді жақындастыру орталығы директорының міндетін атқарушы, 2017-2018 жылдары Ә. Марғұлан атындағы Археология институты урбанизация және номадизм бөлімінің меңгерушісі болды. Қазақстанның орта ғасырлық тарихын, қала мен дала арасындағы байланысты зерттеп, ғылымда жаңа бағытты дамытты. 40-тан аса монография, археологияға байланысты 4 оқу құралы, 4 мектеп оқулығы, 12 альбом және 500-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. Бірнеше халықаралық конференцияларға қатысып, ЮНЕСКО ұйымдастырған «Жібек жолы» халықаралық экспедициясына Қазақстан тарапынан жетекшілік етті. ЮНЕСКО-ның Орта Азия тарихымен айналысатын халықаралық ғылыми комитеті мен «Ұлы Жібек жолы» Қазақстан ұлттық комитетінің мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. «Парасат» орденімен және медальдармен марапатталған.