17 мыңнан астам жетім бала отбасыларда тәрбиеленіп жатыр

Оспанова
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде 17 660 жетім бала қазақстандық отбасыларда тәрбиеленіп жатыр. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтып берді.

«Біздің міндеттеріміздің бірі – балалардың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету. Елімізде 21 387 жетім баланың 17 660-ы қазақстандық отбасыларда тәрбиеленуде. Жыл сайын Қазақстан азаматтары отбасына мыңнан астам жетім баланы қабылдайды. Біз балалар үйлерін азайтуды жалғастырамыз және 3 жылда олардың саны 21 ұйымға азайды», - деді Н. Оспанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Насымжан Оспанова Ұлытауда 5 жыл бойы құлдықта болған балалардың қалай анықталғанын айтқан еді. 

17 ақпанда Ұлытау облысында 5 жыл бойы фермада жұмысқа жегіліп, «құлдықта» болған балалар құтқарылды

Соңғы жаңалықтар
telegram