17 наурызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 17 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None
None

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді. Кездесу www.senate.parlam.kz сайтында онлайн көрсетіледі.

10.00-де Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау барысы бойынша Нұр-Сұлтан жұртшылығымен кездеседі.

11.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі әлемінің ежелгі мерекелерінің бірі - Наурыз мерекесіне орай бейбітшілік және келісім мұражайында «Ұлы Даланың тарихы мен мәдениеті» көрмесінің ресми ашылуы өтеді.

11.00-де Hilton Astana (EXPO) қонақ үйінде «Шығыс-Батыс» халықаралық геосаяси болжам орталығы «Жаңа әлемдік тәртіп сын-тегеуріндерінің парадигмасы. Өзгеру уақыты» тақырыбында халықаралық сараптамалық диалог алаңын ашады.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Бейжің-2022 қысқы паралимпиада ойындарының қорытындысы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев; ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің бас хатшысы Ерлан Сүлейменов; Пекин 2022 XIII қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Александр Герлиц.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.

15.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасынының көркем галереясында Нұр-Сұлтан қаласы суретшілер Одағы жастар бірлестігінің мүшесі Айдана Мінайдарованың «Күн шапағы» жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме кітапхананың «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» жобасы аясында ұйымдастырылды.

16.00-де ЖОО басшылығының, лекторлар мен бизнес-тренерлердің МВА/ЕМВА бағдарламаларының білім алушыларымен кездесуі өтеді.

Бағдарламалар ел экономикасы үшін қажетті басқарушы кадрларды даярлауға бағытталған.

Бірінші жиынға арналған сабақ үш бағдарлама - «Стратегиялық менеджмент», «Қаржыны басқару», «Қонақжайлылық және бос уақытты басқару» бойынша өткізіледі.

19.00-де Қазақстандағы Жапония елшілігі жапон императорының туған күні құрметіне салтанатты қабылдау өткізеді.


Соңғы жаңалықтар