Қар аралас жаңбыр, көктайғақ: 17 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM - Синоптиктер 17 ақпан күні Қазақстанның 17 облысында және Астана қаласында ауа райына байланысты ескерту жариялады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

погода, снег, ауа райы, дождь, потепление, қар, жанбыр, гололед, снег расстаял
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

17 ақпанға қараған түні Астанада аздаған қар жауып, күндіз жаңбыр мен қар жауады, қөктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысында түнде солтүстікте қар жауып, жаяу бұрқасын соғады және көктайғақ болады. Өңірдің шығысына аздаған қар түседі. Күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар аралас жауын жауады, жаяу бұрқасын соғып көктайғақ болады. Желдің екпіні кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.

Жетісу облысының солтүстігі, шығысы және таулы аймақтарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі, желдің екпіні түнде және таңертең 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Атырау облысының батысы, оңтүстігі және шығысында тұман түседі. Жел түнде солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–18 м/с-қа жетеді.

Алматы облысының солтүстігі, оңтүстігі және таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні шығыста 15–20 м/с.

Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында жаңбыр мен қар жауаып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ және тұман болуы да ықтимал. Кей өңірлерде желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде тауда нөсер жауын болуы мүмкін. Жамбыл облысының таулы аймақтарында түнде күшті жауын жауады.

Абай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Қызылорда облыстарында да тұман түсіп, көктайғақ болады, кей жерлерде қар жауып, жел күшеюі мүмкін.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын күшейтуге шақырады.

Осыған дейін Маңғыстауда қатты желден сауда орталығының шатыры ұшып кеткені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум