17 сәуірде Астана мен Алматыда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Астана мен Алматы қалаларында 17 сәуірде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None

АСТАНА

11.00-де онлайн-көрсетілім форматында брифинг өтеді. Тақырыбы: «Браконьерлікпен күрес шаралары». Спикер: Алишер Жармағамбетов – Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы.

11.00-де Қазмедиа орталығында кәсіпкерлерді қолдаудың «Мен Кәсіпкер» атты жаңа инструменттерін таныстыруға арналған шара өтеді.

14.00-деАстана Халықаралық қаржы орталығының аумағында шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының әлемнің әйелдер құрамасына қарсы матчы басталады.

АЛМАТЫ

9.00-де Алматы ЖЭО-3 өндірістік алаңына (Өтеген батыр ауылы, Заманбек Батталханов көшесі, 20) баспасөз туры өтеді. Оның барысында станцияның жабдықтары, электр энергиясы мен жылу энергиясын өндіру технологиялары көрсетіледі. Энергетикалық объектілердің жұмысына және тариф белгілеуге қолдау көрсетудің проблемалық мәселелері талқыланатын болады.

12.00-де Қазақстан баспасөз клубында «Алматыдағы джаз мерекесі» 21-інші жыл сайынғы халықаралық фестивальге арналған баспасөз мәслихаты өтеді.


Соңғы жаңалықтар