17 шілде. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 17 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
57 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Үкімет басшысы аппаратының кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі Амангүл Құмарбекқызы ЫБЫРАЕВА дүниеге келді.

Семей облысында туған. 1990 жылы Алматы архитектуралық-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы-технолог» мамандығы бойынша аяқтаған, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы МБА-сында, Францияның Ұлттық Мемлекеттік басқару мектебінде (ENA), Duke University (США) қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында өткен.
Еңбек жолын 1990 жылы «Казгипроагропромстройиндустрия» МҚК технологиялық бөлімнің инженері қызметінен бастаған. 1992-1994 жж. – Алматы қалалық әкімшілігінде; 1994-1998 жж. – Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің инспекторы, жоғары және орталық атқарушы органдарды Ақмола қаласына көшіру бойынша Мемлекеттік комиссияның референті, аға референті; 1998-2010 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің аға референті, консультанті, сектор меңгерушісі; 2010-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Басшылық Хатшылығының меңгерушісі; 2019-2023 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі;
2023 жылғы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі.
56 жыл бұрын (1969) Қазақстан баспасөз клубының президенті Әсел Әділқызы ҚАРАУЫЛОВА дүниеге келді.

IPRA (Халықаралық жұртшылықпен байланыс қауымдастығы) мүшесі, PR-шы клубын ұйымдастырушылардың бірі, Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі.
Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын, АҚШ-тың Миссури-Колумбия университетін бітірген. «Ленинская смена» газетінің штаттан тыс тілшісі болған. 1994-1995 жылдары – USAID менеджері.
Қазіргі қызметінде 1995 жылдан бастап істейді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі сыртқы имидж бойынша тобының мүшесі, PR нарығы проблемалары бойынша мақалалардың тұрақты авторы, жетекші бизнес мектептердің оқытушысы.
Ол отандық PR нарығын дамытуға үлес қосты, PR және коммуникация саласында 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар.
52 жыл бұрын (1973) ҚР Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі Ләззат Керімқұлқызы РАМАЗАНОВА дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін (1995), Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген (2001).
Еңбек жолын 1994-1995 жылдары банк жүйесінде қызметкер болып бастаған. 1995-1998 жылдары Қазақстан республикасының Майндағы Франкфурт қ. Бас консулдығы жұмыс істеген. 1998-1999 жылдары – ҚР СІМ баспасөз-атташесі, Әкімшілік және бақылау департаментінің атташесі. 1999-2002 жылдары ҚР Қаржы министрінің хатшылығында істеді. 2002-2003 жылдары – ҚР ЭБЖМ Халықаралық қаржы қатынастары департаментінің бөлім бастығы. 2003-2005 жылдары – «Dala group» ЖШС Бас директоры. 2006-2007 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы. 2007-2008 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары. 2008-2009 жылдары – ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті Алматы облысы бойынша Қаржы бақылау инспекциясы бастығының орынбасары. 2011-2013 жылдары – ҚР ҚМ Қорғаныс, құқық қорғау жүйесі және мемлекеттік органдар саласындағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау, іске асырылуын бағалау және жоспарлау департаментінің директоры. 2019-2020 жылдары – «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары. 2019-2020 жылдары – ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.
45 жыл бұрын (1980) «Атамекен» ҰКП жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігі комитетінің басшысы Ләйлә Ескендірқызы КҮЛЕНОВА дүниеге келді.

Ол Астана қаласында дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (2001); Мәскеу қалалық педагогикалық университеті.
Еңбек жолы: «Айналайын» балабақшасы «Мерцана-Астана» ЖШС құрылтайшысы (2005); Қазақстан үздіксіз білім беру қауымдастығының төрағасы (2012).
2025 жылдың маусым айынан бері қазіргі қызметінде.
119 жыл бұрын (1906-1983) композитор, педагог, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ халық музыкасын жинақтаушы Латиф Абдулхайұлы ХАМИДИ дүниеге келді.

Ташкент халық ағарту институтын, Мәскеудің бірінші музыкалық техникумын, Мәскеу консерваториясы жанындағы татар опера студиясын бітірген.
Қазақтың халық аспаптар оркестрінің дирижері болып, Қазақтың Петр Чайковский атындағы музыкалық училищесінде, Қазақ консерваториясында ұстаздық еткен. Композитордың Ұлы Отан соғысы жылдары жазған «Аттаныңдар майданға», «8-гвардия дивизиясының әні», «Батыр қыз», «Нүркен» әндері тыңдарманын қаһармандық сезімге бөледі. Ол қазақ музыкасына тұңғыш вальс жанрын енгізіп, «Қазақ вальсі», «Бұлбұл» әндерін шығарған. Сондай-ақ оның әсем әуенімен ерекшеленетін вальстері, хорлары, симфониялық оркестр, халық аспаптар оркестрі үшін камералық-аспаптық шығармалары, қойылымдар мен кинофильмдерге арналған музыкалары бар. Композитор қазақтың опера өнерін өркендетуге де үлкен үлес қосып, «Абай», «Төлеген Тоқтаров», «Жамбыл» операларын, «Жамбыл мен Айкүміс» музыкалық пьесасын, «Балбұлақ» опереттасын жазды. Сонымен қатар «Домбыра үйрену мектебі» (Б. Ғизатовпен бірге), «Дирижерлік етудің негіздері» (Х. Тастановпен бірге), т.б. зерттеу еңбектері бар.
3 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.
78 жыл бұрын (1947-2017) суретші, мүсінші Бақытжан Әлімбайұлы ӘБІШЕВ дүниеге келді.

Ақтөбе қаласында туған. Алматы орта мектебінің 10 жылдық сыныбын және Алматы Гоголь атындағы сурет училищесін 1969 жылы аяқтағаннан соң, Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтына оқуға түсті.
1975 жылы Алматы қаласына оралып, өмірінің соңына дейін шығармашылық ойларын жүзеге асыру үшін жұмыс істеді. 1976 жылы Алматы көркемсурет училищесінде композиция мен мүсін өнерінен сабақ бере бастады. 1978 жылдан - Т. Жүргенов атындағы Алматы театр-көркемсурет институтының оқытушысы. Жұмыстары Қазақстанның пластикасындағы ұлттық қаһармандар мен адами кейіпкерлердің бейнелерін жаңғыртуға елеулі үлес қосты. Астана қаласында Ататүрік, Әлия Молдағұлова мен Жаяу Мұсаға, Алматы қаласында Т.Бокин, Ж. Жабаев, К. Әзірбаевқа ескерткіш орнатты. Ақтөбе қаласында - Ә. Молдағұлова, Киреев, А. Жұбанов, Мәскеу қаласында - Ә. Молдағұлова және т. б. ескерткіш жасады. Станоктық сипаттағы жұмыстар Қазақстан қалаларының мұражайларында және шетелдерде қойылған. «Олимпиец» композициясы Лозан-Швейцариядағы Олимпиада комитетінің штаб-пәтерінде, Германиядағы «Күйші» жеке коллекциясында, Мәскеудегі «Томирис» мұражайында орналасқан. «Құлагер», «Ұмай» жұмыстары ҚР Президентінің резиденциясына қойылды.
Суретші орындаған соңғы монументалды-мүсіндік композиция - «Исатай мен Махамбет». Ол 2003 жылы Махамбетке арналған мерейтойлық жиында сәулет-көркем мемориалдық кешеннің орталық бөлігінде ашылды.