06:31, 17 Тамыз 2021 | GMT +5
17 тамызда еліміз қалаларындағы ауа сапасы қандай болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –17 тамызда Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы Нұр-Сұлтан, Қостанай және Петропавл қалаларында болжанады.
Қалған аймақтарда метеорологиялық ахуал бірқалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.