17 жасар қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық, 17 жастағы Асылжан Арыстанбекова Анталия (Түркия) ITF турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Kazinform.

асылжан арыстанбекова
Фото: ktf.kz

WTA рейтингісіне әзірге ене қоймаған А.Арыстанбекова алғашқы айналымда әлемнің 743-ракеткасы, швециялық, 23 жастағы Лиза Заармен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Асылжан 6:2 есебімен басымдық танытты.

Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте Л.Заар матчты жалғастырудан бас тартты.

Асылжан Арыстанбекова ширек финалға шығу үшін әлемнің 701-ракеткасы, ресейлік Диана Демидова немесе италиялық Франческа Пейстің біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық қос теннисшінің жасөспірімдер арасында Аустралия чемпионатында ойнайтынын жазған болатынбыз.

Осылайша Асылжан Арыстанбекова алдағы жыл басында жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатына қатысады. 

Соңғы жаңалықтар