17 жасар қазақстандық композитор Германияда жеке концертін берді

Әлемге танымал фестиваль тарихында тұңғыш рет Қазақстан өкілі өнер көрсетіп, «Painting in sounds» («Дыбыстардағы сурет») атты өз шығармасын орындады.
Фестиваль аясында қазақстандық жас таланттың композициясы осы заманғы Мияко Кубо, Джеффри Чинг, Гюнтер Бекер сияқты танымал композиторлардың шығармаларымен қатар шырқалды.
Классикалық музыканың халықаралық сыншылары және неміс көрермендері Р,Әбдісағиннің шығармасына және музыкалық композицияның орындалуына жоғары баға беріп, қазақстандық классикалық музыка мектебінің өкілдерінің шеберлігін атап өтті.
Еске сала кетейік, Мюнстерде Германияның федералдық және жергілікті өкіметтерінің қолдауымен «Klang Zeit Münster» тоғызыншы классикалық музыка фестивалі өтуде. Шараның басты мақсаты классикалық музыканың осы заманғы композиторларының шығармаларын әлем жұртшылығына кеңінен тарату болды.