17 жастағы Дамир Жалғасбай алғаш рет ересектер арасындағы турнирде топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Дамир Жалғасбай жұптық сында Хатива (Испания) ITF M15 турнирінде жеңімпаз атанды.

17 жастағы Дамир Жалғасбай алғаш рет ересектер арасындағы турнирде топ жарды
Фото: ҚТФ

Дамир латвиялық Артурс Загарспен бірге барлық кездесуін жеңіспен аяқтады.
Финалда Жалғасбай — Загарс швейцариялық Адриен Бурде — мексикалық Алан Сау Франкомен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық-латвиялық жұп 6:2, 6:1 есебімен айқын басымдылық танытты.
Осылайша, Дамир Жалғасбай спорттық жолында ересектер арасындағы алғашқы титулына қол жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын кортқа қайта оралған 40 жастағы Галина Воскобоеваның бастапқы жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз. 

Галина Воскобоева ресейлік Камилла Рахимовамен бірге Монреаль (Канада) WTA 1000 турнирінің екінші айналымында америкалықтар Софья Кенин — Кэролайн Доулхайдқа 3:6, 4:6 есебімен есе жіберді. Сөйтіп ширек финалдан тыс қалды.

Соңғы жаңалықтар