17 жастағы қазақстандық теннисші Түркиядағы жарыстың финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық, 17 жастағы Аружан Сағындықова Анталияда (Түркия) өтіп жатқан ITF W25 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Аружан қытайлық Ю-Юн Лимен бірге жартылай финалда қазақстандықтар Жанель Рүстемова - Сандуғаш Кенжебаевамен шеберлік байқасты.

Аружан мен Ли айқын басымдық танытты - 6:1, 6:3.

Ертең қазақстандық-қытайлық ресейліктер, апалы-сіңлілі Золотаревалармен бас жүлдені сарапқа салады.

Аружан жекелей сында ширек финалға дейін жетіп, тартысты матчта сербиялық Наталия Сеничке жол берді - 6:3, 1:6, 5:7.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Түркиядағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар