21:11, 14 Қазан 2016 | GMT +5
17 желтоқсан күні ШЫҰ марафонына 15 мың адам қатысады
КУНЬМИН. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 17 желтоқсанында ҚХР Юньнань провинциясының Куньмин қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының марафоны өтеді, оған 15 мыңнан астам адам қатысады. Бұл туралы шараның ресми таныстырылымы барысында белгілі болды, деп хабарлайды Қытайдағы ҚазАқпарат тілшісі.

«ШЫҰ марафоны секілді шара бірінші рет өткелі тұр. Көптеген адам марафонға қатысу үшін бізге қонаққа келеді. Біз халықаралық стандарттарды сақтай отырып, марафонды жоғары деңгейде өткізуге тырысамыз», - деді Юньнань провинциясы губернаторының орынбасары Гао Фэн.
Ол шараға қатысушыларды «мәңгілік көктем мен гүлденген бақтар» мекені - Юньнань провинциясы мен Куньмин қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстырып өтті.
ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов марафонның ерекшеліктері туралы айтып берді.
«Біріншіден, марафонның қатысушылары өзгеше. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 15-жылдығына арналған халықаралық марафонға ШЫҰ-ға мүше барлық 18 мемлекеттің өкілдері мен өзге елден келген спортшылар қатысады», - деді ол.